01 қараша 2020 14:39

СҚО Денсаулық сақтау басқармасы жұмыстан босатылған бас дәрігерді қайтару туралы үндеуге жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Солтүстік Қазақстан облысындағы Мамлют аудандық ауруханасының медициналық қызметкерлері жұмыстан босатылған бас дәрігер Марина Коробкованы қайтаруды талап етіп жатыр, алайда облыстың денсаулық сақтау басқармасындағылар оның дәрігерлердің жаппай коронавирус жұқтыруына кінәлі екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Солтүстік Қазақстан облысындағы Мамлют аудандық ауруханасының медициналық қызметкерлері жұмыстан босатылған бас дәрігер Марина Коробкованы қайтаруды талап етіп жатыр, алайда облыстың денсаулық сақтау басқармасындағылар оның дәрігерлердің жаппай коронавирус жұқтыруына кінәлі екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Аурухана дәрігерлері Коробкова ауруханада 33 жыл жұмыс істегенін, өзі де коронавируспен ауырып шыққанын және мекеменің жұмысын дұрыс ұйымдастыра алғанын айтты. 

"Мамлют аудандық ауруханасының бірінші басшысы тарапынан санитарлық-эпидемиологиялық бақылаудың төмендеуі нәтижесінде 28 қыркүйек пен 12 қазан аралығында тоғыз медицина қызметкері коронавирус инфекциясын жұқтырды. Сонымен қатар, аудандық ауруханада барлық қажет жеке қорғаныс құралдары болды және инфекцияны болдырмау үшін барлық қажет жұмыс алгоритмдері бекітілді", - делінген денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.

Осыған ұқсас жағдай, ведомство мәліметінше, Ақжар аудандық ауруханасында тіркелген.

"Облыстың санитарлық қызметін тексеру қорытындысы бойынша СҚО Денсаулық сақтау басқармасының бұйрығымен Мамлют аудандық ауруханасының бас дәрігері Коробковамен Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 11-тармақшасы бойынша ("Қызметкердің өндірістік жарақаттар мен аварияларды қоса алғанда, қызметкерлердің өмірі мен денсаулығы үшін ауыр зардаптарға әкеп соққан немесе әкеп соғуы мүмкін еңбекті қорғау немесе өрт қауіпсіздігі не көліктегі қозғалыс қауіпсіздігі қағидаларын бұзуы") еңбек шарты бұзылды", - деп түсіндірді басқармадағылар.

View this post on Instagram

A post shared by Новости Петропавловск.news (@pkzsk) on

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети