10 тамыз 2023 09:15

СҚО-ның орман шаруашылығы бензиннің литрін 16 мыңнан сатып алмақ болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Солтүстік Қазақстан облысының орман шаруашылығы бензиннің литрін 16 мың теңгеден сатып алмақ болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.


Солтүстік Қазақстан облысының орман шаруашылығы бензиннің литрін 16 мың теңгеден сатып алмақ болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Бұл жанармайдың нақты құнынан 80 есеге жуық артық екені анықталды. Мекеме жанар-жағармай сатып алуға 600 миллион теңгеден астам қаржы жұмсауды жоспарлаған. Алайда, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері күмәнді лотты анықтады. Тапсырыс берушілер сұраныстарын реттеуге мәжбүр болды.

Дәл осындай заңбұзушылық облыстың аудан орталықтарының бірінде де анықталды. Ауыл әкімшілігі кресло бағасы небәрі 800 мың болса да, 7,5 миллион теңгеге сатып алғысы келген.

Жалпы, бірінші жартыжылдықта сатып алу бағасын асыра көрсетудің 63 дерегі анықталды. 1,5 миллиард теңгеге жуық қаржының жүйесіз жұмсалуының жолы кесілді.​

"Біз мұны мемлекеттік сатып алудың бірыңғай терезесі арқылы тексеріп, сатып алудың жүріп жатқанын көріп отырмыз. Егер біз білмегенімізде, олар бұл ақшаны алып, игеріп тастар еді. Тиісінше, қандай да бір сыйақы алу мүмкіндігін тежей алдық. Әдетте, бұл назар аудармауға байланысты жіберілген қателік деп түсіндіріледі. Егер бұның жолы кесілмегенде, онда олар ұрлық жасауға әрекет жасар еді", - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент басшысы Сергей Перов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети