12 қыркүйек 2023 15:39

СІМ шетелдегі қазақстандықтарға мәлімдеме жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: trthaber Сурет: trthaber

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі өкілдері шетелдегі қазақстандықтарға үн қатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан Сыртқы істер министрлігі өкілдері шетелдегі қазақстандықтарға үн қатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Түркияда баласымен қаза тапқан қазақстандық әйелдің оқиғасына қатысты істің мән-жайын жай-жапсарын айтып, қазақстандықтардың қауіпсіздігі өз қолында екенін айтты.

"Қазір тергеу жүріп жатыр. Біздің консул жергілікті құқық қорғау органдарымен, сондай-ақ, жәбірленушілердің адвокаттарымен байланыста. Қазір Түркияда немесе басқа елдерде демалып жатқан азаматтарымызға кез келген экскурсияға бармас бұрын, оның қауіпсіз екеніне көз жеткізіп, сол елдің ережелерін сақтау керегін айтқым келеді. Қауіпсіздігіңіз өз қолыңызда", - деді Айбек Смадияров.

Ол шетелде қазақстандыққа қатысы бар кез келген оқиғаға толығымен жауапты екенін айтты.

"Дипломаттардың ролі - толық консулдық және құқықтық қолдау көрсету, соның ішінде біздің азаматтардың құқықтары мен мүдделерінің бұзылмауын қадағалау. Бірақ тараптардың қорғаушысы ретінде сотқа, тергеу әрекетіне де қатысуға құқығымыз жоқ. Сондықтан тергеуді оқиға болған елдің құқық қорғау органдары жүргізеді", - деді Смадияров.

Еске салайық, 3 қыркүйекте Түркияның Алания қаласында қайғылы оқиға болды. Екі көліктің соқтығысуы салдарынан үш турист қаза тапты. Басылымның мәліметінше, сафари көлігінде болған Қазақстан азаматы оқиға орнында, ресейлік турист және 2 жасар қазақстандық қыз ауруханада қайтыс болды. Кейін Сыртқы істер министрлігінде ЖКО салдарынан тағы бір қазақстандық қаза тапқаны туралы хабарланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети