09 желтоқсан 2021 09:39

Смайылов жеткілікті шек деңгейін көтеру туралы пікір білдірді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов жеткілікті шек деңгейі туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов жеткілікті шек деңгейі туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бұл мәселені премьер-министрдің басқа орынбасары қадағалайды, бірақ бұл жерде арнайы шешімді біреу қабылдаған жоқ. Бұл 2021 жылдың басында қабылданған ең төменгі жеткілікті шек деңгейін есептеу әдістемесінде болды және онда жеткілікті шек ең төменгі жалақыға байланысты екені көрсетілген. Ең төменгі жалақы өскенін білесіздер. Бұл - қалыпты, нәтижесінде жеткілікті шек те өсті, ең төменгі жалақы 41 пайызға артты. Тиісінше, бұл жеткілікті шектің өсуіне әкелді", - деді ол.

Журналистер жаңа шекті мән нәтижесінде кейбір қазақстандықтарға зейнетақы алу қолжетімсіз болып қалғанын атап өтті.

"Иә, жеткілікті шекті арттыру қандай да бір соманың қолжетімсіз болатынын білдіреді. Бұл мәселемен премьер-министрдің басқа орынбасары айналысады, бұл сұрақты соған қойған дұрыс, өйткені бұл - оның жауапкершілігі, ол қазір осы мәселе бойынша жұмыс істеп жатыр", - деді Смайылов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети