12 маусым 2024 | 11:34

Смайылов ҚТЖ дефолтқа ұшырауы мүмкін екенін мәлімдеді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Жоғары аудиторлық палатасының (ЖАП) төрағасы Әлихан Смайылов "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының дефолтқа ұшырауы мүмкін екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Жоғары аудиторлық палатасының (ЖАП) төрағасы Әлихан Смайылов "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының дефолтқа ұшырауы мүмкін екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Смайылов бүгін Мәжілісте сөз сөйледі: ЖАП Қазақстанда көлік құралдарын дамытуға ақша қалай жұмсалып жатқанын тексерді. ҚТЖ жұмысына тоқталған палата төрағасы компания өз міндеттемелерін төлей алмайтынын айтты.

"Бүгінде ҚТЖ өз міндеттемелерін толық төлеуге қабілеті жоқ және кредиттік тәуекелдің "қызыл" аймағында тұр. Оның 2024 жылдың басындағы қарызы 2,9 триллион теңге болған және өсуіп жатыр. Жалпы қарыздың 45 пайызы немесе 1,3 триллион теңгесі бұрын қабылданған борыштық міндеттемелерді қайта қаржыландыруға бағытталған", - деді Әлихан Смайылов.

Ол қаржылық және техникалық жағдайын жақсартудың нақты мерзімдерін белгілей отырып, ҚТЖ компаниялар тобының шығындарын оңтайландыру қажет екенін мәлімдеді.

"Қаржылық және техникалық жай-күйді сауықтырудың нақты мерзімдерін айқындап, ҚТЖ компаниялар тобының шығындарын оңтайландыру қажет. Бұл ретте "Самұрық-Қазына" АҚ-ның қазіргі корпоративтік басқару әдістері мен даму стратегиясы еліміздің Ұлттық теміржол компаниясының дағдарысын болдырмауға қабілетсіз. Активтердің жай-күйінің нашарлауы, борыштардың өсуі және оларды уақытылы қайтару мүмкіндігінің болмауы басқарудағы түбегейлі өзгерістерсіз ҚТЖ-ны дефолтқа ұшыратады", - деді Әлихан Смайылов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Пройти опро
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 522.19  course up  543.92  course up  5.27  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer