30 мамыр 2022 20:32

Смайылов пен Мишустин Мәскеуде келіссөз жүргізді

Фото: primeminister.kz Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Әлихан Смайылов Мәскеуге жұмыс сапары барысында Ресей Федерациясы үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен келіссөз жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап. 


Премьер-министр Әлихан Смайылов Мәскеуге жұмыс сапары барысында Ресей Федерациясы үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен келіссөз жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап. 

Кеңейтілген құрамда өткен кездесу барысында Әлихан Смайылов Қазақстан мен Ресей мемлекетаралық байланыстың барлық спектрі бойынша екіжақты өзара іс-қимылдың дәстүрлі жоғары деңгейіне ие екенін атап өтті.

Биыл екі мемлекет арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына және Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шарттың бекітілгеніне 30 жыл толады. 

"Осы кезеңде сенімді әрі сындарлы диалог орнады. Көптеген өзара тиімді бағыт бойынша серіктестік жоғары деңгейге көтерілді", - деді Әлихан Смайылов. 

Сонымен қатар, ҚР Үкіметінің басшысы екіжақты қарым-қатынасты одан әрі дамыту үшін ҰҚШҰ-ға мүше Мемлекеттер басшыларының мерейтойлық отырысы аясында Қазақстан мен Ресей Президенттерінің жақында өткен кездесуі барысында маңызды бағдарлардың белгіленгенін жеткізді.

Ресей Федерациясы - Қазақстанның негізгі сауда-экономикалық серіктесі. 2021 жылдың қорытындысы бойынша өзара тауар айналымы үштен бірге өсіп, 24,2 миллиард доллар рекордтық көрсеткішке жетті.

Осыған орай, Әлихан Смайылов екі ел Үкіметтері алдында өзара сауда мен инвестицияларды одан әрі арттыру міндеті тұрғанын атап өтті.

"Елдеріміз арасында көпжоспарлы экономикалық байланыстарды дамыту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Аталған бағытта Экономикалық ынтымақтастықтың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді бағдарламасын уақытылы іске асырудың маңызы зор", - деді ҚР Премьер-Министрі.

Сондай-ақ Әлихан Смайылов ынтымақтастықтың тағы бір маңызды бағыты өнеркәсіптік кооперация екенін атап өтті.

Қазақстанда 13 маңызды бірлескен жоба іске асырылды. Бірқатар салада, оның ішінде машина жасау, металлургия және химия өнеркәсібінде құны шамамен 4 миллиард доллар болатын 22 ірі жоба жүзеге асырылып, кейбірі пысықталып жатыр.

"Бұл бағытта біздің одан әрі даму әлеуетіміз жоғары. Бірлескен жобаларды тезірек іске қосуға мүдделіміз және жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз", - деді ҚР Үкіметінің басшысы.

Әлихан Смайылов Қазақстан мен Ресей ЕАЭО, ТМД, ҰҚШҰ, ШЫҰ және АӨСШК сияқты аймақтық ұйымдар аясында да табысты өзара іс-қимыл орнатқанын атап өтті.

"Қазақстан-Ресей стратегиялық әріптестігі алдағы уақытта да барлық бағытта жоғары қарқынмен дамитынына сенімдімін", - деп түйіндеді ҚР Премьер-Министрі.

Өз кезегінде Михаил Мишустин бүгінгі кездесу екі мемлекет президенттерінің 16 мамырда Мәскеуде қол жеткізілген келісімдерін дамыту аясында өтіп жатқанын айтты.

"Қазақстанмен достығымызды, тату көршілік қарым-қатынасымызды, одақтастығымызды жоғары бағалаймыз. Біз негізгі басым міндеттердің бірі ретінде Қазақстанмен сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мәселесін қарастырамыз", - деді Михаил Мишустин.

Ресей Федерациясы үкіметінің төрағасы импортты алмастыру бағдарламаларын жүзеге асырудың перспективаларын атап өтті. 

"Өнеркәсіпте, машина жасауда, көлік, энергетика, цифрлық экономика салаларында бірлескен жаңа стратегиялық жобаларды іске қосуға жағдай жасалған. Бұл мәселелер біздің Үкіметаралық комиссияның тұрақты бақылауына алынған", - деді Мишустин.

Келіссөз қорытындысы бойынша тараптар өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға келісті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети