03 шілде 2022 18:13

Солтүстік Қазақстан облысының бұрынғы әкімі қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Солтүстік Қазақстан облысының бұрынғы әкімі Қажымұрат Нағманов шілденің 3-не қараған түні қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Петропавловск.news сайтына сілтеме жасап. 


Солтүстік Қазақстан облысының бұрынғы әкімі Қажымұрат Нағманов шілденің 3-не қараған түні қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Петропавловск.news сайтына сілтеме жасап. 

Қажымұрат Нағманов 74 жаста еді. Ол Солтүстік Қазақстан облысын 1999 жылдың қазанынан 2002 жылдың мамырына дейін басқарған. 

Қажымұрат Ібрайұлы Нағманов 1948 жылы 1 маусымда РСФСР Омбы облысында дүниеге келген. 1971 жылы Ленинградтағы теміржол көлігі инженерлері институтын тәмамдаған, мамандығы - қатынас жолдарының инженері-құрылысшы.

1971-1973 жылдары - Қазақ темір жолының шебері, аға инженері;

1973-1976 жылдары - Павлодар облыстық комсомол комитетінің нұсқаушысы, Екібастұз қаласы ЛКЖО қалалық комитетінің 2-хатшысы, Екібастұз қалалық халықтық бақылау комитетінің инспекторы;

1976-1978 жылдары - Қазақ темір жолы станциясының бас инженері;

1978-1982 жылдары - Екібастұз қалалық партия комитетінің құрылыс бөлімінің меңгерушісі, 2-хатшысы;

1982-1987 жылдары - Павлодар облысы Ермак қалалық атқару комитетінің төрағасы;

1988-1991 жылдары - Қазақстан Компартиясы ОК Көлік және байланыс бөлімінің нұсқаушысы, Семей қалалық атқару комитетінің төрағасы;

1990-1991 жылдары - Семей облысының № 195 Береговой сайлау округінен Қазақстанның халық депутаты;

1991-1992 жылдары - Құрылыс және сәулет мәселелері жөніндегі комитеттің мүшесі ,КСРО Жоғарғы Кеңесінің мүшесі;

1992-1994 жылдары - КАТЭП атом энергетикасы және өнеркәсібі кәсіпорындары Қазақ мемлекеттік корпорациясының вице-президенті;

1994-1995 жылдары - Жоғарғы Кеңестің депутаты;

1994-1996 жылдары - Жезқазған облысының әкімі;

1996-1997 жылдары - Шығыс Қазақстан облысының әкімі;

1997-1999 жылдары - "Казэнергосервис"компаниясының президенті;

1999 - 2002 жылдары - Солтүстік Қазақстан облысының әкімі;

2002-2005 жылдары - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі;

2005 - 2006 жылдары - ҚР Президентінің кеңесшісі;

2006 - 2008 жылдары - "Қазақстан темір жолы "ұлттық компаниясы"АҚ бірінші вице-президенті;

2014-2020 жылдары - ҚР автожолшылар қауымдастығының президенті болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети