29 қазан 2022 10:56

Солтүстік Қазақстанда мектеп асханаларынан ішек таяқшасы табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет: pikabu.ru Көрнекі сурет: pikabu.ru

Солтүстік Қазақстанда санитар дәрігерлер мектеп асханаларынан ішек таяқшасын тапқан. Сондай-ақ, асханаларда арнайы рецепт пен технологияны сақтамай балаларға тамақ әзірлегені анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Мектептердегі 169 тамақтандыру пунктінің жартысына жуығы заңды бұзып, жұмыс істеген. Кәсіпкерлерге жалпы сомасы тоғыз миллион теңгеден аса айыппұл салынды.

"Ішек таяқшасына қарсы жуу және дезинфекциялау сапасын тексеру үшін 2792 жабдық пен ыдыс таңдалды. 122 затта ішек таяқшасы бары анықталды. Яғни, дезинфекциялау нормалары сақталмаған. Сонымен қатар, сараптама нәтижесінде мәзірде балалардың физиологиялық қажеттіліктері ескерілмегені байқалды. Мектептің көпшілігінде оқушылар көмірсулармен тамақтанаты немесе оларға порциялар аз мөлшерде берілетіні анықталды", - деді Солтүстік Қазақстан облысы СЭБД басшысының орынбасары Татьяна Горлова.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети