Фото Рostsovet.ru
Солтүстік Корея ұшырған артиллериялық зымыран Қытайға беталған жолаушылар ұшағына өте жақын қашықтықта өткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz CNN телеарнасына сілтеме жасап. Осыдан екі күні бұрын Корей Халық Демократиялық Республикасы жеті артиллериялық снаряд ұшырып, барлығын теңізге құлатқан еді. Мұндай тосыннан ұшқан снарядтарды бақылаушылар АҚШ пен Оңтүстік Кореяның арасында өткен әскери оқу-жаттығуымен байланыстыруда. Оңтүстік Корея Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, зымыран ұшқаннан кейін жеті минуттан соң снарядтың бірі Жапониядан Қытайға беталған 220 жолаушысы бар қытайлық ұшақтың жанынан өткен. "Өте қауіпті жағдай тіркелді. КХДР мұндай өрескел іс-әрекеті әуе навигациясының халықаралық ережесін бұзып, адамдардың жеке бас қауіпсіздігіне қатер төндіреді", - делінген Оңтүстік Корея Қорғаныс министрлігі таратқан мәліметте.
Солтүстік Корея ұшырған артиллериялық зымыран Қытайға беталған жолаушылар ұшағына өте жақын қашықтықта өткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz CNN телеарнасына сілтеме жасап.
Осыдан екі күні бұрын Корей Халық Демократиялық Республикасы жеті артиллериялық снаряд ұшырып, барлығын теңізге құлатқан еді. Мұндай тосыннан ұшқан снарядтарды бақылаушылар АҚШ пен Оңтүстік Кореяның арасында өткен әскери оқу-жаттығуымен байланыстыруда.
Оңтүстік Корея Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, зымыран ұшқаннан кейін жеті минуттан соң снарядтың бірі Жапониядан Қытайға беталған 220 жолаушысы бар қытайлық ұшақтың жанынан өткен.
"Өте қауіпті жағдай тіркелді. КХДР мұндай өрескел іс-әрекеті әуе навигациясының халықаралық ережесін бұзып, адамдардың жеке бас қауіпсіздігіне қатер төндіреді", - делінген Оңтүстік Корея Қорғаныс министрлігі таратқан мәліметте.