14 қыркүйек 2023 17:55

Сот Арыстанбек Мұхамедиұлының ісіне қатысты шешім шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Сурет ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Астана қалалық соты Арыстанбек Мұхамедиұлының ісі бойынша шешім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астана қалалық соты Арыстанбек Мұхамедиұлының ісі бойынша шешім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Апелляциялық алқа отырысында экс-министр Мұхамедиұлының өтінішін қанағаттандырмады.

"Мұхамедиұлының апелляциялық шағымы қанағаттандырылмады. Қаулы заңды күшіне енді. Мұхамедиұлының кінәсі толық дәлелденді, қорғаушылардың уәждері расталмады. Ақтау негіздері қарастырылмаған. Іс бойынша аудиторлық зерттеу жүргізілді", - деді судья Мұрат Солтыбаев.

Айта кетейік, 2022 жылғы мамырда Арыстанбек Мұхамедиұлы қамауға алынған еді. Ол кезде Мұхамедиұлы ұлттық музейді басқарып тұрған болатын. 28 мамырда сот санкциясымен Мұхамедиұлына қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Әлем мұражайлары бойынша "Алтын адам" шеруі" халықаралық көрмесін өткізу бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт шеңберінде 146 миллион теңге мөлшерінде бюджет қаражатын жымқыру дерегіне қатысты ұлттық музейдің лауазымды тұлғаларына және басқа да адамдарға қатысты тергеуді бастады.

Шілдеде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі өкілдері ұлттық музейдің бұрынғы басшылығына және басқа да адамдарға қатысты 2017-2018 жылдары "Ақпараттық ресурстарда нысандарды танымал ету үшін жалпыұлттық тізбеге енгізілген нысандардың 3D-модельдерін құру" жобасын іске асыру кезінде аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын ұрлау дерегі бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Ресми деректер бойынша тергеліп жатқан қылмыстық істер бойынша мемлекетке келтірілген залалдың алдын ала сомасы шамамен 7 миллиард теңге болады.

Биыл қаңтарда бұл іске қатысты жаңа деректер пайда болды. Ұлттық музей директорының бұрынғы орынбасары Алмаз Нұразханның да қамауға алынғаны белгілі болды. Ал биыл ақпанда Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі екі айға ұзарды. Бұған дейін прокурор Мұхамедиұлын тоғыз жылға бас бостандығын айыруды сұраған болатын.

Еске салайық, бұған дейін ол сотта кінәсін мойындамайтынын айтқаны хабарланған еді. Экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлы 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, Мұхамедиұлының адвокаты да ұсталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети