Сот "ЭКСПО" компаниясынан қаражат жымқыру ісінің барлық фигурантына қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сот "ЭКСПО" компаниясынан қаражат жымқыру ісінің барлық фигурантына қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Істің басты фигуранты Талғат Ермегияев 14 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді. Қалған фигуранттарға кесілген жаза:
Аян Адамбаев - ҚР Қылмыстық Кодексінің 28-бабы 5-бөлігі, 312-бабы 5-бөлігі - мүлкін тәркілей отырып, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Жазаны жалпы режимдегі колонияда өтейді.
Сұламбек Баркинхоев ("Астана ЭКСПО-2017" компаниясының бұрынғы бас директоры) - ҚР Қылмыстық Кодексінің 176-бабы 4-бөлігі "б" тармағы - 7 жылға бас бостандығын шектеу жазасы кесілді. Жазаны жалпы режимдегі колонияда өтейді.
Орал Ибадильдина - ҚР Қылмыстық Кодексінің 28-бабы 5-бөлігі, 312-бабы 5-бөлігі, 176-бабы 4-бөлігі "б" тармағы - мүлкін тәркілей отырып, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Шохан Матайбеков - ҚР Қылмыстық Кодексінің 28-бабы 5-бөлігі, 312-бабы 5-бөлігі - 5 жылға бас бостандығын шектеу.
Қуаныш Медеуов - ҚР Қылмыстық Кодексінің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы - мүлкін тәркілей отырып, 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.
Мұрат Омаров - ҚР Қылмыстық Кодексінің 189-бабы 4-бөлігі, 28-бабы 5-бөлігі, 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы - 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Валерий Син - ҚР Қылмыстық Кодексінің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы - мүлкін тәркілей отырып, 8 жылға бас бостандығынан және мемлекеттік органдарда жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айыру жазасы кесілді.
Мадина Дәулетбаева - ҚР Қылмыстық Кодексінің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы - 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейді. Мүлкі тәркіленеді.
Азамат Туматаев - ҚР Қылмыстық Кодексінің 28-бабы 5-бөлігі, 311-бабы 5-бөлігі, 176-бабы 4-бөлігі "б" тармағы - 10 жылға сотталды. Жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді. Мүлкі тәркіленеді.
Алишер Пирметов - ҚР Қылмыстық Кодексінің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы - 5 жылға шартты түрде сотталды.
Айта кетейік, сотталушыларды қолдауға олардың туыстары мен жақындары келді.
Жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, "Астана ЭКСПО-2017" компаниясынан ұрланған қаражаттың мөлшері 10 миллиард 200 миллион теңге болды. Қылмыстық іс бойынша 23 адам айыпталды. Олар қылмыстық істің бес эпизоды бойынша айыпталды. Сот процесі биыл 4 сәуірде басталып, екі айға созылды.
8 маусымда Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Қажымұқан Мекемтас өз кінәларын мойындап, прокурорлармен келісімге барған 12 фигурантқа қатысты үкім шығарды. Олардың ішінде "Астана ЭКСПО-2017" компаниясының Құрылыс департаментінің экс-басшысы, 61 жастағы Қажымұрат Үсенов бар. Сот оны айыпты деп танып, екі жылға бас бостандығынан айырды. Үсеновті қарауыл жасағы сот залында қамауға алды.