09 маусым 2016 16:27

Талғат Ермегияев 14 жылға сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Талғат Ермегияев 14 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Астананың мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Әділхан Шайхисламов "Астана ЭКСПО-2017" компаниясынан қаражат жымқыру ісі бойынша айыпталушыларға үкім шығарды.


Талғат Ермегияев 14 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Астананың мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Әділхан Шайхисламов "Астана ЭКСПО-2017" компаниясынан қаражат жымқыру ісі бойынша айыпталушыларға үкім шығарды.

Ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді. Сонымен қатар, оның мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік және коммерциялық ұйымдарда жетекшілік қызмет ету құқығынан өмір бойына айырылды.

Қазақстан Республикасы Президентіне Ермегияевті "Парасат" ордені мемлекеттік марапатынан айыру туралы ұсыныс енгізді.

"Ермегияевтің қылмыстық жолмен табылған немесе қылмыстық жолмен табылған қаражаттарға алынған мүлкiн тәркiлеп, мемлекеттік органдармен коммерциялық ұйымдарда басшы қызметін атқару құқығынан айыру түріндегі жаза қолдана отырып, 14 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жаза мерзімі 2016 жылдың 9 маусымынан бастап есептелсін. (...) Ермегияевті үй қамағында ұстау шарасы үкім күшіне енгенге дейін қамауға алу жазасына өзгертілсін және ол сот залында қамауға алынсын. Қазақстан Республикасы Президентіне Ермегияевті "Парасат" ордені мемлекеттік марапатынан айыру туралы ұсыныс енгізілсін", - деді судья.

Қылмыстық істің фигуранттарына қатысты үкім сот ғимаратының үлкен залында оқылды. Залдың ішіне адам лық толды. Сотталушыларды қолдауға жақындары мен туыстары келді.

"Астана ЭКСПО-2017" ҰК" акционерлік қоғамының бұрынғы төрағасы Талғат Ермегияев Қылмыстық Кодекстің 311-бабы 5-бөлігі, 176-бабы 4-ші "б" тармағы, 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша айыпталған еді. Бұған дейін өткен сот отырыстары кезінде ол пара алу және компанияның қаражатын заңсыз иемдену бойынша тағылған айыптарды жоққа шығарып, кінәсіз екенін бірнеше рет мәлімдеді.

"Кейбір адамдарға менің түрмеге отырғаным қажет болғандықтан, мен айыпталып отырмын. Менде таңдау болды: өз ұстанымдарыммен адал болып қалу немесе жемқорлыққа қарсы қызмет құрғысы келген жалғандыққа бару. Мен өзімді қорғау үшін өзімде бар құжаттарға сілтеме жасай аламын немесе өзім растай алатын төлемдер туралы айта аламын. Себебі бұл менің еліме және өзім бар күшімді арнаған жобаның беделіне нұқсан келтіреді", - деді Ермегияев.

Жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, "Астана ЭКСПО-2017" компаниясынан ұрланған қаражаттың мөлшері 10 миллиард 200 миллион теңге болды. Қылмыстық іс бойынша 23 адам айыпталды. Олар қылмыстық істің бес эпизоды бойынша айыпталды. Сот процесі биыл 4 сәуірде басталып, екі айға созылды.

Айта кетейік, 8 маусымда Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Қажымұқан Мекемтас өз кінәларын мойындап, прокурорлармен келісімге барған 12 фигурантқа қатысты үкім шығарды. Олардың ішінде "Астана ЭКСПО-2017" компаниясының Құрылыс департаментінің экс-басшысы, 61 жастағы Қажымұрат Үсенов бар. Сот оны айыпты деп танып, екі жылға бас бостандығынан айырды. Үсеновті қарауыл жасағы сот залында қамауға алды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети