Сотталған бизнесмен Мұратхан Тоқмәди сенсациялық мәлімдеме жасады

25 Қазан 2017, 08:57
2
Сотталған бизнесмен Мұратхан Тоқмәди сенсациялық мәлімдеме жасады -

Сотталған бизнесмен Мұратхан Тоқмәди сенсациялық мәлімдеме жасады. КТК телеарнасы дайындаған "Звали его Мурка" атты фильмнің екінші бөлімінде ол банкир Ержан Тәтішевті өлтіргенін мойындады.

"Шыны королі" "Банк Тұран Әлем" банкінің (қазіргі БТА Банк) басшысын өлтіруге тапсырысты Мұхтар Әблязов бергенін мәлімдеді. Сөйтсек, 13 жыл бұрын болған оқиға іс материалында айтылғандай қайғылы оқиға емес екен. Тоқмәдидің сөзінше, 2004 жылы ол досы Тәтішевпен бірге Жамбыл облысына аңшылыққа шыққан. Жолда ол банкирді желкесінен атып, тергеушілер мен Орталық сот сараптамасы қызметкерлеріне ақша беріп құтылған.   

"Қылмыстық іс ҚР ІІМ жедел-тергеу тобына тергеуге жіберілді, оны Ержан Артықбаев басқарған. Мен одан маған жылы көзбен қарап, маған қатысты қамау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдамауға және тергеуде көмек беруін сұрадым. Осы мақсатта Артықбаевқа, қателеспесем, 20 мың доллар ақшаны конверге салып, беріп жібердім. Ол оны портфеліне салды да, "Там будет видно" деді", - деп әңгімеледі Тоқмәди. 

Еске сала кетейік, Мұратхан Тоқмәди 12 маусымда ұсталған болатын. Алматыда арнайы қызмет "Депутаттық корпус" атты қылмыстық топты ұстау бойынша операция өткізген еді. БАҚ-та шыққан ақпарат бойынша, бұл қылмыстық топты "ҚазШыныҚұрылыс" зауытының иесі Мұратхан Тоқмәди басқарған. Сондай-ақ, прокуратура мәліметінше, оның үйін тінту кезінде қару-жарақ пен оқ-дәрі табылған. Ал таяуда бизнесменге қатысты үкім шыққан


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (2)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай