18 сәуір 2020 16:07

СОVID-19 жұқтырған алматылықтардың арасында өте ауыр халде жатқандар саны көбейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда COVID-19 анықталған тағы бір науқастың жағдайы өте ауыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаланың қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматыда COVID-19 анықталған тағы бір науқастың жағдайы өте ауыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаланың қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматыда коронавируспен ауырып жатқан екі адамның жағдайы өте ауыр екені хабарланды. Тағы бесеуі ауыр халде, 106 адамның жағдайы орташа, қалғандары -қанағаттанарлық.

Қазіргі уақытта қаланың жұқпалы стационарларында COVID-19-дан 422 пациент емделіп жатыр.

Провизорлық госпитальдарда 298 адам, оның ішінде 18 бала бар. Карантинде 418 адам оқшауланып жатыр, ал үйдегі карантинде - 7992 адам бар.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда COVID-19 анықталған пациенттің жағдайы өте ауыр екені айтылған. 

Сондай-ақ, коронавирусты Алматыда төрт жедел жәрдем қызметкері жұқтырғаны белгілі болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети