11 қазан 2018 17:28

"Союз" зымыранының апаты: Билік өкілдері Қазақстан экологиясына қауіп жоқ екенін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Байқоңырда "Союз МС-10" зымыран-тасығышын ұшыру кезінде төтенше жағдай салдарынан экологияға қауіп жоқ. Бұл туралы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитетінің баспасөз қызметіндегілер мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Байқоңырда "Союз МС-10" зымыран-тасығышын ұшыру кезінде төтенше жағдай салдарынан экологияға қауіп жоқ. Бұл туралы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитетінің баспасөз қызметіндегілер мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Бірінші кезекте апат "Байқоңырда" болған жоқ. Бұл ұшыру кезіндегі штаттан тыс жағдай. Ғарыш айлағы өз орнында қаз-қалпында тұр. Онда барлығы тұрақты өтті, барлығы дұрыс. Бұл экологияға еш қауіп төндірмейді. Табиғатқа зияны жоқ. Бұл техника болған соң, құрылғылар істен шыққанын көрсетті", - деді комитеті баспасөз қызметінің өкілдері. 

 Ғарышкерлер Қарағанды облысы Жезқазған ауданына (қаладан 25 шақырым жерде) қонған. Қазіргі уақытта олар сонда. Әрбір ұшып-қонудан кейін өтетін уақыт. Ары қарай сұрақтар Роскосмосқа. Экипаждың жағдайы жақсы", - деді баспасөз қызметінің өкілдері. 

Аэроғарыш комитетінің өкілдерінің айтуынша, қазіргі уақытта Роскосмос мамандандырылған комиссиясының отырысы өтіп жатқанын және соның нәтижесінде ресейлік тарап штаттан тыс жадайдың мән-жайын хабарлайтын болады. "Алаңдайтындай ештеңе жоқ, Қазақстанға еш зиян келмеді", - деп қорытындылады Аяроғарыш комитетінің өкілдері. 

Еске салайық, Байқоңырда зымыран ұшыру кезінде төтенше жағдай болды. "Союз МС-10" бортында ресейлік ғарышкер Алексей Овчинин мен америкалық астронавт Ник Хейг болған. Олар аман-есен, байланысқа шықты. Іздеу және құтқару шарасына төрт тікұшақ жұмылдырылды. Тікұшақ бортында құтқарушылар мен дәрігерлер бар.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети