Сөз зергерлері арқа жерінде Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетінде Х Республикалық журналистика олимпиадасы өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сөз зергерлері арқа жерінде Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетінде Х Республикалық журналистика олимпиадасы өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл сайысқа 16 жоғары оқу орнынан 48 студент қатысып жатыр. Білім бәсекесі 2 күнге жоспарланған. Олимпиадаға телевизияның 60 жылдығы арқау болды.
Сайыстың ашылу салтанатында филология факультетінің деканы Әбдуов Мұхаметқали Ілиясұлы сөз алып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Жүктелген тапсырма бойынша студенттер сюжет дайындап, эссе жазды. Сонымен қатар, бірнеше журналистика пәнінен тест тапсырды. Олимпиаданың соңғы күні журналистің жеделділігін айқындау мақсатында жедел ақпарат сайысы бойынша сынға түсті.
Студенттер мен оқытушыларға шахтерлер шаһарының көрікті жерлері көрсетілді. Олар Сарыарқа археологиялық музейі мен университет музейін аралады. Музей меңгерушісінің сөзінше, мұндағы ең көне жәдігерге 2000 жыл болған. Әр жәдігер жеке-жеке нөмірленген. Студенттер Арқа жерінің талай тарихи құндылықтарымен таныс болды.
Аслан Қажиев IT Университеті