18 ақпан 2019 18:08

Су басу қаупі жоғары өңірлер аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің қызметкерлері көктем мезгілінде су тасқыны болуы мүмкін 505 елді мекенді атады. Бұл туралы ведомство басшысы Владими Беккер баспасөз конференциясында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің қызметкерлері көктем мезгілінде су тасқыны болуы мүмкін 505 елді мекенді атады. Бұл туралы ведомство басшысы Владими Беккер баспасөз конференциясында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Алматы облысында 75 елді мекенде су тасқын болуы мүмкін. Шығыс Қазақстан облысында - 76, Ақмола - 46, Ақтөбе - 35, Қарағанды - 33, Қызылорда - 31, Қостанай - 52, Павлодар - 14 және Солтүстік Қазақстан облысында су басу қаупі жоғары 18 елді мекен бар.

"26-27 ақпанда Ақмола облысының Атбасар қаласындағы ең қауіпті елді мекенге барамыз. Бірнеше жыл қатарынан су тасқыны жағдайы қалыптасты, үлкен жұмыс жүргізілді, су басу аймағында орналасқан 500-ге жуық үйдің тұрғындары көшірілді. Оларды тұрғын үйлерге көшірді, Жабай өзенін тазалау жұмыстары және басқа да іс - шаралар жүргізілді", - деді Беккер.

Сонымен қатар, ол бүгінде су тасу қаупі бар деуге әзірге ерте екенін, себебі барлығы да ауа-райы жағдайына байланысты өзгеретінін айтты. 

"Қарағанды облысындағы Нұра өзенінің жоғарғы жағында көп қар жауды, ШҚО-да жауын-шашын нормадан жоғары, бірақ бұл ақпан айында. Жағдай өзгеруі мүмкін. "Қазгидромет 1 наурызға дейін жаңа мәліметтер береді. (...) Түркістан, Қызылорда облыстарында су тасқыны болуы мүмкін. Биыл қыс оңтайлы, Қызылорда аймағында мұз жоқ, мұз қаладан 148 шақырымда төмен. Менің ойымша, оңтүстікте су тасқыны аса қатты бола қоймайды", - деп атап өтті Беккер.

Алайда, оның айтуынша, құтқарушылар ШҚО-да өткен жылғы қайғылы тәжірибені естен шығармайды екен. Ол кезде қыстың күні нөсер жауын жауып, қар болмаған еді. 

"ШҚО-да су тасқыны болады деп күтілмеді, қар аз болды, бірақ 11 наурызда Аягөз ауданында жаңбыр тәулік ішінде үш айлық нормадан асып түсті. Мұның салдары қандай болғанын білесіздер. Бірақ бұл климат. Оған біз әсер ете алмаймыз. Бүгін де болжам жасай алмаймыз. (..) Жалпы, жағдай бақылауда. Су қоймаларында су мөлшері 60 пайыздан аспайды, бос көлемдер бар. Менің ойымша, бұл мәселелерді реттеуге мүмкіндік бар", - деп сендірді ТЖК басшысы.

Үкімет отырысында Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев өңірлердің су тасқынына дайындығын сынға алды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети