Су тасқынынан зардап шеккен қызға үш бөлмелі пәтер сыйлаған кәсіпкер тағы да қайырымдылық жасады

29 Тамыз 2017, 11:40
4
Су тасқынынан зардап шеккен қызға үш бөлмелі пәтер сыйлаған кәсіпкер тағы да қайырымдылық жасады - © facebook.com/KudaibergenKairat
© facebook.com/KudaibergenKairat

Кәсіпкер Қайрат Құдайберген неміс сәулетшісіне қарыз болған алматылық зообақтың қарызын өтеп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жалпы қарыз мөлшері 100 мың еуро, Құдайберген оны толығымен жаппақшы.

"Мен бірінші траншпен 68 мың еуро салдым, екінші транш мөлшері 38 мың еуро болады. Жалпы Питер Разбахтың алдындағы қарыз мөлшері 100 мың еуро", - деді кәсіпкер тілші. 

Енді зообақ Разбахпен жұмысты жалғастырады. Ол мастер-план жасауы керек болған, алайда зообақ архитектордың қызметін төлеуге шамасы болмаған. 

Сонымен қатар, Қайрат Құдайберген қызымен зообақтағы арландарды өз қамқорлықтарына алды. 

Айта кетейік, дәл осы кәсіпкер Құдайберген Ақтөбеде су тасқыны салдарынан зардап шеккен оқушы қыздың жолдауынан кейін, оған үш бөлмелі пәтер алып берген


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (4)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай