Сұлтан Сәрсемалиев алғашқы құрбанын қалай өлтіргенін көрсетті: тергеу экспериментінің видеосы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сұлтан Сәрсемалиев алғашқы құрбанын қалай өлтіргенін көрсетті: тергеу экспериментінің видеосы @atpress.kz бейнебаянынан кадр

Атырау облысындағы бір отбасын аяусыз өлтіру ісі бойынша сот отырысында жаңа кадрлар көрсетілді. Атышулы процесс қатысушыларына тергеу экспериментінің бейнежазбасы таныстырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Атырау облысындағы бір отбасын аяусыз өлтіру ісі бойынша сот отырысында жаңа кадрлар көрсетілді. Атышулы процесс қатысушыларына тергеу экспериментінің бейнежазбасы таныстырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Кадрларда сотталушы қолына пышақ муляжын ұстап, бұрынғы әйелінің ағасы Наурыз Мұқанғалиев өлтірілген күні оқиға қалай өрбігенін тергеушілерге қадам-қадамымен көрсетіп жатыр. Сәрсемалиев өз әрекеттерін қайталап, қылмыстың мән-жайын баяндайды.

Жазбада Сәрсемалиев ұсталғаннан кейін тергеуші Темірхан Хажмұрадовпен қайғылы оқиға болған үйге барып, жағдайды егжей-тегжейлі көрсеткен.

Өз айғақтарында ол жанжал отбасылық келіспеушіліктер мен жұбайының туыстары тарапынан айтылған балағат сөздерден кейін туындағанын, бұл оның ар-намысына тигенін мәлімдеді. Сотталушының нұсқасы бойынша, жанжал соңы Наурыз Мұқанғалиевпен төбелеске ұласқан.

Тергеу эксперименті кезінде Сәрсемалиев ас үйдегі жағдайды және өзінің айтуынша, ас үй пышағын қолына алған сәтін сипаттайды.

Қарудың муляжын қолдана отырып, ол өз әрекеттерін қайталап, соққы жасау дерегін растайды. Осыдан кейін, іс материалдарына сәйкес, ол зардап шегушінің тірі екеніне көз жеткізген. Наурыз Мұқанғалиев тоғыз рет жасалған пышақ жарақатынын кейін көз жұмған.

Бұдан әрі сотталушы түн жамылып, марқұмды жалдамалы үйге апарып, қылмыс ізін жасыруға тырысқанын айтады.

Сәрсемалиев енесі Нәсіп Өтешқалиеваға қатысты эпизод бойынша бөлек түсінік берді. Оның айтуынша, екеуінің арасында да жанжал болған. Жазбада ол тергеушілерге оқиғаның өз нұсқасын айтып, өлтірілген әйелдің денесін қалай жасырғанын іс-қимылмен көрсетеді.

Сот процесі жалғасып жатыр.

Сұлтан Сәрсемалиев - Атырау облысындағы бір отбасының төрт мүшесін, атап айтқанда бұрынғы жұбайының ата-анасын, ағасы мен әпкесін өлтірді деп айыпталып отырған бұрынғы күйеу баласы. Тергеу болжамы бойынша, қылмыс 2025 жылы ұзаққа созылған отбасылық жанжал негізінде жасалған. Іс материалдарына сәйкес, ол марқұмдардың денесін жалдамалы үйдің ауласына және қаза тапқан ерлі-зайыпты тұрған үйдің сарайына көміп, жасыруға тырысқан.

28 мамырда Атырауда бұл іс бойынша басты сот талқылауы басталды. Сотта прокурорлар қылмыс эпизодтарының егжей-тегжейін, соның ішінде адам өлтіру жағдайлары мен мәйіттер мен айғақтарды жасыру әрекеттерін жариялап жатыр. Бұл іс Қазақстан қоғамында үлкен резонанс тудырды.

Атышулы істі бұған дейін Яна Легкодимованың өліміне қатысты резонанстық іс бойынша үкім шығарған судья Зарема Хамидуллина қарап жатыр.

Сот залынан фото Tengrinews.kz: Әлімжан Аманжол

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 487.89   562.88   6.78 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +25
Астана +21
Ақтау +27
Ақтөбе +18
Атырау +25
Б
Балқаш +21
Ж
Жезқазған +22
Қ
Қарағанды +21
К
Көкшетау +16
Қ
Қостанай +26
Қызылорда +25
П
Павлодар +21
Петропавл +28
С
Семей +27
Т
Талдықорған +25
Тараз +27
Түркістан +21
О
Орал +25
Ө
Өскемен +27
Ш
Шымкент +28

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер