20 ақпан 2019 11:35

Сұлтанов Астанадағы ашық тұрған кәріздер жайлы: Бұл қиын жағдай

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана әкімі Бақыт Сұлтанов қаладағы ашық тұрған кәріздер мәселесі туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Астана әкімі Бақыт Сұлтанов қаладағы ашық тұрған кәріздер мәселесі туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Камералардың арқасында біз кәріз мәселесін байқайтын болдық. Ауыр жағдай, адам өліміне алып келген жағдайлар болғанын білесіздер, кеше ғана баланы құдықтан тапты. Біз осы желілерді салған және оларды ашық қалдырғандарға түрлі шаралар қолданамыз. Коммуналдық қызмет өкілдерінен күн сайын оларды аралап шығуын сұраймыз", - деді Сұлтанов халыққа есеп беру кездесуінде.

Әкімнің айтуынша, күзден бастап Астанада мыңдаған ашық жатқан кәріз анықталған. 

"IKomek жүйесінің арқасында мен осы жағдайға белсенді атсалысып жүрген тұрғындарға ризашылығымды білдіремін. Біз мәселені анықтаған сәттен бастап бұл құдықтарды жабуға тырысамыз. Бірақ оларды үнемі ұрлап кетіп жатады. Люкті орнатамыз, таңертең ол қайтадан жоқ. Бұл ретте, азаматтар, абай болыңыздар. Уақытылы хабарлаңыздар. Біз металл сынықтарын қабылдайтын пунктер бойынша да шаралар қолданатын боламыз", - деді Сұлтанов.

19 ақпанда түнгі сағат 23.40-та еріктілер баланың денесін беті ашық кәріз жүйелердің бірінен тауып, оны ішінен шығарып алған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети