Сұлтанов Астананың проблемаларын қалай шешу керектігін айтты

24 Қыркүйек 2018, 13:17
0
Сұлтанов Астананың проблемаларын қалай шешу керектігін айтты - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Астана әкімі Бақыт Сұлтанов қала көшелеріндегі кептеліске қатысты мәселені шешуге уәде берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Екі аптада қала проблемаларына қатысты мәселені бақылап көрдім. Жаңа жұмысымның артықшылығының бірі - жұмысқа жаяу таза ауамен келетінімді айтқым өткен болатынмын. Үкіметтің алдағы бес жылға арналған жоспары таныстырылғанда қала шетіндегі аумақтарға назар аударытынымды айтқан едім. Осы аптада Ильинка мен Орман зауытына барып қайтуға тырысамын", - деді қала әкімі мәслихаттың кезекті сессиясы барысында.

Сұлтановтың айтуынша, ол осы уақытқа дейін көмір өндіретін жерлерді аралап қайтты. Осы ретті әкім қаладағы кептеліс мәселесін шешуге уәде берді.

"Қазіргі уақытта біздің тұрғындар мен қала қонақтарына басты мәселе - көлік коллапсы. Ата-аналар да күнделікті балаларын сабаққа апара жатқан кезде кептеліске тап болды. Мен әдейі №17 мектептің Республикалық физика-математика мектебінің маңынан өттім.(...) Расында проблемаларды өзіміз шығарып отырамыз. Сол үшін кабинеттен шығып қаланы аралап, ата-аналармен сөйлесіп, мектептерге барып қайту керек. Мысалы, сол мектеп жақта біржақты қозғалыс жасау керек. Сонда ғана ешқандай дүрлікпе шу шықпайды", - деді Астананың жаңа әкімі.

Сондай-ақ, Сұлтанов қала билігіндегілердің  автобустарының санын көбейту мәселесін талқылап жатқанын айтып өтті.

Еске сала кетейік, мұның алдында әкім жолдағы кептелісті қалай жоюға болатынын айтып берген еді.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай