31 наурыз 2018 09:24

Сүйіскен қыздардың видеосы: БҒМ мамандары пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрация © pexels.com Иллюстрация © pexels.com

Кәмелет жасқа толмаған қыздардың сүйіскені түсірілген видео әлеуметтік желіде бұғатталды. Бұл туралы Қазақстан Білім және ғылым министрлігінің мамандары мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Кәмелет жасқа толмаған қыздардың сүйіскені түсірілген видео әлеуметтік желіде бұғатталды. Бұл туралы Қазақстан Білім және ғылым министрлігінің мамандары мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Балалардың құқығын қорғау комитеті видеоның бұдан әрі тарауына жол бермеу шараларын қолға алып, видеодағы балаларды іздеп, психологиялық және анықтау жұмыстарын жүргізу жөнінде Ішкі істер министрлігіне және Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне хат жолдады", - деді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

"Сонымен қатар, видео YouTube, ВКонтакте, Facebook, Instagram сияқты әлеуметтік желілерде бұғатталды", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, осыған дейін Астана ІІД өкілдерінің сүйіскен кішкентай қыздардың видеосын тексеріп жатқаны хабарланған болатын. "Кәмелетке толмаған екі қыз түсірілген видеоның WhatsApp мессенджерінде тарауына қатысты Астана қалалық ІІД-нің осы дерек бойынша тексеріс бастағанын хабарлаймыз. Тексеріс қорытындысы қосымша хабарланады", - деп жауап берген еді ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев редакция сауалхатына.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети