26 маусым 2019 08:13

#СыреліАрыспенБірге - Қызылордадан гуманитарлық көмек жіберілді

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

24 маусымыда Түркістан облысы, Арыс қаласында орналасқан әскери бөлімнің қару-жарақ қоймасында шыққан өрт соңы жойқын жарылыстарға ұласып, жергілікті халықтың ғана емес тұтас ел аумағының үрейін алды. Бұл оқиғаға Сыр жұртшылығы да бейжай қарап қалмай, арнайы автокеруен жасақталып, гуманитарлық көмек жіберілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қызылорда қаласының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қызылорда қаласы әкімдігіне қарасты барлық бөлімдер мен ұжым қызметкерлері 1 күндік жалақысын аударуға ниет білдірді.

Сонымен қатар, Қызылорда қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен қалалық Б.Шөкенов атындағы саябақта Арыс қаласындағы зардап шеккен жандарға қаржылай қолдау көрсету мақсатында акция өтті.

"Игі шараға қалалық әкімдіктің қызметкерлері, мәслихат депутаттары, қала жастары мен белсенділері, өнерпаздар мен кəсіподақтар және қаланың 1000-ға жуық жанашыры қатысып, арнайы қойылған қайырымдылық жәшіктеріне қолдан келгенше көмек қолын созып, елдіктің үлгісін танытты!", - делінген хабарламада. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети