19 тамыз 2022 09:31

Сыртқы істер министрі 30 жылда алғаш рет Вьетнамға ресми сапармен барды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Вьетнам Социалистік Республикасына ресми сапармен барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Вьетнам Социалистік Республикасына ресми сапармен барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанның Сыртқы істер министрінің бұл елге сапары екі мемлекет арасында дипломатиялық қатынастар орнағаннан бері 30 жыл ішінде алғаш рет болып отыр. Ханойға сапардың ресми бөлігі Хо Ши Мин кесенесіне гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды.

Сапардың мақсаты - соңғы онжылдықтар ішінде әлемдегі ең жоғары экономикалық даму қарқынымен ерекшеленетін дәстүрлі достас елмен серіктестік қатынастарды одан әрі дамыту.

Вьетнам тарапы қазақстандық делегацияның сапарына ерекше мән беріп, оған мемлекеттің жоғары басшылары - Президент Нгуен Суан Фукпен және премьер-министр Фам Бинь Тиньмен кездесу мүмкіндігін берді.

Вьетнам президентімен кездесуде СІМ басшысы Вьетнамда жүргізіліп жатқан реформалардың қарқыны мен сапасын жоғары бағалап, сұхбаттасын Қазақстанды жаңғыртудың жаңа кезеңінің мазмұнымен таныстырды.

Вьетнам премьер-министрімен кездесу екіжақты қарым-қатынастардың экономикалық күн тәртібіне арналды. Тараптар өзара сауда мен инвестициялардың өсуіне, экономиканың түрлі секторларында кооперацияны дамытуға бағытталған мақсатты күш-жігердің қажеттігін атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети