14 сәуір 2020 15:45

"Сіздерді мақтан тұтамын!". Біртанов дәрігерлерге үндеу жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қазақстандық дәрігерлерге үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қазақстандық дәрігерлерге үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы министр Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

"Қымбатты достар! Мен осы сөзімді барлық деңгейдегі медицина қызметкерлеріне, дәрігерлерге, медбикелерге, санитарларға, медицина ұйымдарының басшыларына, санитарлық қызмет қызметкерлеріне, университеттер мен ғылыми орталықтардың қызметкерлеріне - қазір тәулік бойы, қаңтар айынан бастап демалыссыз жұмыс істеп жатқан барлық әріптестеріме арнаймын.

Мен бәрін түсінемін, көбіміз қатты шаршадық, эмоциялық тұрғыдан да жеңіл тиіп жатқан жоқ. Көбіңіз үйге барып, балаларды құшақтап, жандарында бола алмай жүрсіздер. Баршаңызға қазіргі жағдай қорқынышты, ренжіп жүргендеріңіз де бар. Арамызда вирусты жұқтырып алған мамандар да бар.

Осыған қарамастан, сіздер күн сайын ерте тұрып, жұмыс істеуге барып жүрсіздер, адамдарды емдеп, олардың өмірін сақтауға күш-жігерлеріңізді жұмсап жүрсіздер", - дейді министр.

"Сіздер адамдарды ақша үшін емес, даңқ үшін емес, жұмыс, міндеттеріңіз осы болғандықтан емдеп жатсыздар, бұдан басқа амал жоқ. Мен сіздерді мақтан тұтамын!

Мен сіздерді сөзбен емес, істерімен қолдап жатқан отандастарымызды мақтан тұтамын, олар: қарт адамдарға тамақ пен дәрі-дәрмек жеткізіп, маскалар тігіп, қажетті жүктері бар ұшақтардың ақысын төлеп, үйден онлайн концерт беріп, тіптен үйде карантинде отырып қолдау көрсетіп жатыр", — деді министр Facebook-тегі парақшасында.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети