24 шілде 2021 12:02

Тәжікстан Қазақстанға қосымша су жібере бастайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Республикасының премьер-министрі Асқар Мамин Тәжікстан Республикасының премьер-министрі Кохир Расулзодамен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап. 

Үкімет басшылары сауда-экономика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, су-энергетика, транзиттік-көлік салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Сырдария өзені бассейніндегі су шаруашылығы жағдайын жақсарту жөніндегі бірлескен шараларға ерекше назар аударылды. 

"Тараптар Тәжікстан Республикасы биылғы 24 шілдеден бастап Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан тараптары 2021 жылғы 16 маусымда қол қойған хаттамада келісілген көлемдерден артық секундына 50 текше метр шығынмен "Бахри Точик" су қоймасынан Қазақстан Республикасына қосымша су жіберуді бастайды деп уағдаласты", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети