16 желтоқсан 2014 12:35

Тәжікстан президенті Назарбаевты Тәуелсіздік күнімен құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Эмомали Рахмон мен Нұрсұлтан Назарбаев. ©Ақорда Эмомали Рахмон мен Нұрсұлтан Назарбаев. ©Ақорда

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа құттықтау телеграммасын жіберді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Рахмонның ресми сайтына сілтеме жасап.


Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа құттықтау телеграммасын жіберді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Рахмонның ресми сайтына сілтеме жасап.

"Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі - Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыз", - делінген хабарламада. 

Рахмон Тәжікстан үшін Қазақстанмен қарым-қатынас әрқашан да сыртқы саясатының ең басты бөлігі болып келгенін және солай болып қалатынын айтты. "Біз олардың дамуына қызығушылық білдіреміз және біздің елдердің қарым-қатынас жасауға деген үлкен әлеуетін тәжірибе жүзінде іске асыруға бар мүмкіндікті жасауға дайынбыз. Ата-бабаларымыздың қалдырған мұрасын біріге отырып күш жұмылдыру арқылы байыта түсеміз деген үміт білдіргім келеді", - делінген телеграммада.

"Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, сізге зор денсаулық пен Сіздің еліңіздің гүлденуіне жасап жатқан мақсаттарыңыздың орындалуын, ал ағайын халқымыз Қазақстанға амандық пен даму тілеймін", - деді Тәжікстан президенті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети