24 шілде 2014 14:11

Талапкерлердің көбі кешенді тестілеуден өте алмады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Mk.ru ©Mk.ru

Қазақстанда кешенді тестілеуге қатысқандардың жартысынан астамы қажетті өту балын жинай алмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Білім және ғылым вице-министрі Такир Балықбаевқа сілтеме жасап.


Қазақстанда кешенді тестілеуге қатысқандардың жартысынан астамы қажетті өту балын жинай алмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Білім және ғылым вице-министрі Такир Балықбаевқа сілтеме жасап.

"Шектік 50 балды 56 017 талапкер ала алмады, олар 66,29%-ды құрайды, егер шығармашылық емтихан тапсырған талапкерлерді ескерсек, шектік деңгейге жете алмағандар 47 759 адам, яғни 56,52% болады", - деді Балықбаев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде.

Вице-министрдің мәліметінше, кешенді тестілеу 42 ЖОО-ның базасында өтті. Тест тапсыруға 87 060 адам өтініш білдірді, сынақты 84 496 талапкер тапсырды.

Балықбаевтың айтуынша, тестілеуден соң апелляцияға 27 шағым түсірілген. Оның 24-і кері қайтарылды, үш өтініш қана қанағаттандырылды. Тестілеудің нәтижесінде 9 талапкер ең жоғары ұпайға ие болды.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети