10 қаңтар 2017 14:32

Талдықорғанда ата-анасыз қалған алты балаға соғым мен киім-кешек жеткізілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Талдықорған тұрғындары ата-анасыз қалған алты балаға барынша көмек көрсетіп жатыр. Tengrinews.kz редакциясы Талдықорғанда ата-анасы жоғалып кеткен алты бала жайлы жариялаған материалынан кейін біраз оқырмандар олардың отбасына көмек көрсеткен. Бұл туралы балалардың әжесі Камила Қалиева хабарлады.


Талдықорған тұрғындары ата-анасыз қалған алты балаға барынша көмек көрсетіп жатыр. Tengrinews.kz редакциясы Талдықорғанда ата-анасы жоғалып кеткен алты бала жайлы жариялаған материалынан кейін біраз оқырмандар олардың отбасына көмек көрсеткен. Бұл туралы балалардың әжесі Камила Қалиева хабарлады.

"Сайтта жарияланған мақаладан кейін менің телефоныма қоңырау шалатындар көбейді. Қазақстанның түкпір-түкпірінен қоңырау шалып жатыр. Жергілікті әкімдіктегілер де көмегін беріп жатыр. Кеше көрпе-төсектерді алып келді. Бүгін таңертең көмір әкелді. Қарапайым адамдар да көмек көрсетіп жатыр, біреулер азық-түлік әкелсе, басқалары балаларға жылы киімдер әкеліп жатыр", - дейді балалардың әжесі.

Әйелдің айтуынша, таңғы уақыттан бері үйлеріне адамдар келіп жатыр. "Бір ер адам келіп, бізді базарға апарып, балаларға киім-кешек пен аяқкиім алып берді. Үйде тоңазытқыш бар ма деп те сұрады. Соғым әкелмекші екен. Барлықтарыңа көрсетіп жатқан көмектері үшін рақмет", - деді Камила Қалиева.

Сондай-ақ, Талдықорған әкімдігінің баспасөз қызметіндегілер мектеп жасындағы төрт балаға мектепте ыстық тамақпен қамту мәселесінің шешілгенін айтты.

Алайда бей-жай қарамаған адамдар мен атқарушы органдардың көмегіне қарамастан, үйдің үлкені - 2004 жылғы бала ата-атасын қатты сағынып жүр. Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, Камила Қалиева балалардың анасының жоғалып кеткені жайлы өтінішті 9 қаңтарда жазған.

Қазіргі уақытта балалардың ата-анасын іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети