29 сәуір 2015 15:30

Талдықорғанда бір орында сіресіп тұрып қалған адам туралы түсінік берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Youtube сайтынан Youtube сайтынан

Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы Талдықорғандағы сауда орталығында алкогольді ішімдік салдарынан қатып қалған адам туралы түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске сала кетейік, Интернетте 20 сәуірде Талдықорғандағы сауда үйінде ер адамның қозғалмай бір орында қатып қалғаны түсірілген видео пайда болып, әлеуметтік желілерде кеңінен таралды.

Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Құсмолданованың айтуынша, жәбірленуші алкогольді ішімдікті белгіленген мөлшерден көп ішкен. "Мұндай синдром әдетте ішімдікті көп уақыт бойы пайдаланған адамдарда болады. Жәбірленуші мастығы тарағаннан кейін өз аяғымен үйіне кетті. Дәл осындай жағдай аз болады, дегенмен алкогольді ішімдік салдарынан есінен танып қалатын жағдайлар көптеп кездеседі", - деді Құсмолданова. Оның айтуынша, ер адамды мамандар қарап шығып, оның денсаулығына қауіпті ештеңе анықтамады.

Еске сала кетейік, осыған дейін Талдықорғандағы сауда үйінде ер адам қозғалмай бір орында қатып қалғаны хабарланған болатын. Бейнероликте ер адамның бір орында қатып қалып, жан-жағындағыларға ешқандай реакция білдірмегенін көруге болады. Айта кетейік, ол дәл осылай бірнеше сағат бойы тұрған. Кейін оны зембілге жатқызып, Алматыдағы ауруханалардың біріне "жедел жәрдем" көлігімен алып кетеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети