18 шілде 2022 09:24

Талдықорғанда мектеп формасына қатысты дау шықты

Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© elements.envato.com © elements.envato.com

Талдықорғандағы мектеп оқушыларының ата-аналары балаларына белгілі бір өндірушінің формасын сатып алуға мәжбүрлеген мектеп директорына шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Талдықорғандағы мектеп оқушыларының ата-аналары балаларына белгілі бір өндірушінің формасын сатып алуға мәжбүрлеген мектеп директорына шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ата-аналардың айтуынша, облыс орталығындағы кейбір мектеп директоры мектеп формасын белгілі бір өндірушіден сатып алуға мәжбүрлеген. Алайда киімнің сапасы бағасына сәйкес келмейді.

"Директор оқушыларға осы өндірушінің формасын алған, алмағандарын тікелей тексеретінін айтқан. Демек, олардың өз ойлағандары бар. Директор айтқан форманың бағасы мен сапасы сай келмейді. Талдықорғанда жалақы 60-70 мың теңге. Сондықтан мұндай қымбат форманы кез келген ата-ана алып бере алмайды. Отбасында екі немесе одан да көп бала мектепке барса, олар не істейді? Мектепте оқу емес форма маңызды ма?" - деп ашуланды ата-аналар.

Ата-аналардың арыз-шағымдарына Талдықорған қаласы білім бөлімі жауап берді. Мектепке бекітілген бірыңғай мектеп формасының үлгісі бар, бірақ белгілі бір өндірушіден сатып алыңдар деп айту дұрыс емес. 

"Мектеп формасының түсін, стилін және белдемше ұзындығын орта білім беру ұйымы мен мектеп кеңесі, қамқоршылық кеңес және ата-аналар комитеті белгілейді. Бұл ретте мектеп формасын шығаратын жекелеген өндірушілерге артықшылық беруге жол берілмейді. Өндірушіні таңдауда және мектеп формасын сатып алуда ата-аналар тәуелсіз", - деп түсіндірді ведомство өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети