Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Талдықорғанда зорлады деп ер адамға жала жапқан әйел жазаланды 29 қараша 2022, 11:26

Талдықорғанда танысына зорлады деп жала жапқан әйел жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жетісу облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
  • WhatsApp
  • Қате таптыңыз ба?

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Талдықорғанда танысына зорлады деп жала жапқан әйел жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жетісу облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2020 жылдың қыркүйегінде Талдықорған қаласының полиция қызметкерлеріне 29 жастағы жергілікті тұрғын арызданып, өзіне жәбір көрсетті деген танысына шара қолдануды талап еткен. Дерек бойынша тергеу жүргізіліп, нәтижесінде арызданушының өзіне қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Полицейлердің мәліметінше, істің барлық мән-жайын зерделеу кезінде тергеуші арызданушының айғақтарынан бірқатар сәйкессіздікті анықтаған. Сараптамалар нәтижесінде де ештеңе анықталмаған. Кейін әйел жұмысқа қабылдамаған танысына жала жапқаны белгілі болған.

"Зорлау дерегі бойынша қылмыстық іс ақыры тоқтатылды. Содан кейін тергеу ҚР ҚК-ның 419-бабы бойынша өтініш берушінің өзіне қатысты, яғни қылмыс туралы көрінеу жалған хабарлау туралы іс қозғады. Бұл факт дәлелденіп, көп ұзамай қалалық соттың үкімі бойынша сотталушы 3,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді", - деді Талдықорған ПД бастығының орынбасары Шыңғыс Нұрахимов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Join Telegram