28 қыркүйек 2022 08:03

Талғар тұрғыны итті КамАЗ-бен не себепті сүйрегенін түсіндірді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысы Еркін ауылында итті жүк көлігіне байлап, көшеде сүйреген жүргізуші полицияда әрекетін түсіндірді. Бұл туралы Алматы облысы Полиция департаменті бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Рустам Әбдірахманов Instagram парақшасында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Рустам Абдрахманов (@rustam.abdrakhmanov_)

Алматы облыстық Полиция департаменті аталған оқиғаның 25 қыркүйекте Талғар ауданында болғанын мәлімдеді. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жүк көлігінің 42 жастағы жүргізушісін анықтап, аудандық ведомствоға жеткізді.

Жүргізуші өзін ақтау ретінде көлігі бұзылып тоқтаған кезде белгісіз біреулер итті көлігіне байлап кеткенін және ол итті жанында кетіп бара жатқан басқа көліктегілер сигнал бергенде ғана байқағанын айтқан.

"Аталған дерек бойынша Талғар аудандық полиция басқармасында ҚР ӘҚБтК-нің 407-1-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Айта кетейік, аталған оқиға бойынша полицияға ешкім арыз, шағым берген жоқ", - деп хабарлады Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске салайық, Талғар ауданы Еркін ауылында КамАЗ жүргізушісі итті жүк көлігіне байлап, көшемен сүйреген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети