29 сәуір 2019 10:38

Талғат Ерғалиев Президент сайлауына қатысудан бас тартты

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан құрылысшыларының одағының атынан ұсынылған Талғат Ерғалиев Президент сайлауына түсуден бас тартты. Ол "Ақ жол" партиясының атынан қатысатын Дания Еспаеваны қолдамақ, - деп хабарлайды Almaty TV тілшісі "Ақ жол" партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Қазақстан құрылысшыларының одағының атынан ұсынылған Талғат Ерғалиев Президент сайлауына түсуден бас тартты. Ол "Ақ жол" партиясының атынан қатысатын Дания Еспаеваны қолдамақ, - деп хабарлайды Almaty TV тілшісі "Ақ жол" партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Ақ жол" демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев партия мүшесі Талғат Ерғалиевтің Қазақстан құрылысшылар одағының атынан президенттікке ұсынылуына байланысты үміткермен кездесті.

Перуашев Талғат Ерғалиевтің өз кандидатурасын ұсыну құқығына құрметпен қарайтынын жеткізді. Алайда съезде 6 "праймериз" қатысушының партияның бірегей үміткері Дания Еспаеваның командасына кіретіні туралы шешімді еске салды.

Өз сөзінде Ерғалиев съездегі дауыс беру мәселесіне қатысты сауалы жоқ екенін жеткізді. Ол өзінің ҚР құрылысшылар одағының атынан президенттікке ұсынылғаны дұрыс екенін, бұл ұйымды көптен бері басқарып келе жатқанын, саланың барлық мәселесін және халықтың қолжетімді баспанаға сұранысын білетінін айтты. Сонымен қатар, аталған мәселелерге мемлекеттік деңгейде жеткілікті назар аударылмайды деп санайтынын жеткізді.

Сондай-ақ, ол сайлауда бір партияның үш мүшесі түрлі қоғамдық бірлестіктердің атынан ұсынылғаны туралы мысал келтірді. Десе де, Талғат Ерғалиев "Ақ жол" партиясының төрағасы Азат Перуашевпен кездескеннен кейін ОСК-дан өзінің өтінішін қайтып алуды ұйғарғанын айтты.

Азат Перуашев Қазақстан құрылысшыларының одағының төрағасына алғыс білдірді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети