Талғат Ермегияевтің қымбат көліктері меморгандарға беріледі

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Тengrinews.kz иллюстрациясы © Тengrinews.kz иллюстрациясы

Талғат Ермегияевтің көліктері меморгандарға тапсырылатын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 
Осыған дейін gosreestr.kz сайтында Талғат Ермегияевтің тәркіленген көліктерінің суреттері жарияланған болатын. Қазіргі уақытта реестрге төрт автомобиль "Мемлекеттік заңды тұлғалардың қорына тапсырылсын" деген статуспен тұр. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Талғат Ермегияевтің көліктері меморгандарға тапсырылатын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 
Осыған дейін gosreestr.kz сайтында Талғат Ермегияевтің тәркіленген көліктерінің суреттері жарияланған болатын. Қазіргі уақытта реестрге төрт автомобиль "Мемлекеттік заңды тұлғалардың қорына тапсырылсын" деген статуспен тұр. 

Олардың ішінде 2014 жылы шыққан Lexus LX 570 маркалы автомобилі бар. 

 2009 жылы шыққан Mercedes-Benz 500S.

2011 жылы шыққан Toyota Land Cruiser 200

 2010 жылы шыққан Lexus LX 570 маркалы автомиль.

Өтініш қабылдау конкурсы жарияланды және бір аптадан соң бұрынғы лауазымды басшының көліктерінің қай мемлекеттік органға берілетіні белгілі болады. Егер мемлекеттік органдардың қызметкерлері бұл көліктерге қызығушылық танытпаса, онда gosreestr.kz сайты арқылы электронды саудаға қойылады. 

2016 жылы Астананың мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Әділхан Шайхисламов "Астана ЭКСПО-2017" компаниясынан қаражат жымқыру ісі бойынша айыпталушыларға үкім шығарған еді. Талғат Ермегияев 14 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеп жатыр. Сонымен қатар, оның мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік және коммерциялық ұйымдарда жетекшілік қызмет ету құқығынан өмір бойына айырылды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer