17 сәуір 2019 15:48

Талғат Жанжүменов цифрлық даму бірінші вице-министрі болып тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: time.kz Фото: time.kz

Талғат Жанжүменов ҚР цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.


Талғат Жанжүменов ҚР цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.

Жанжүменов 1968 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Ленин комсомолы атындағы Вольск Жоғары әскери тыл училищесін, РФ Қорғаныс министрлігінің Әскери тыл және көлік академиясын, РФ Қарулы күштері Бас штабының Әскери академиясын тәмамдаған. Жоғары арнайы әскери, оперативті-стратегиялық білімі бар офицер.

Еңбек жолын 1989 жылы танк полкінің азық-түлік қызметінің басшысы болып бастады. Түрлі жылдары ҚР Әскери әуе күштерінде, ҚР Қарулы күштерінде, ҚР Қорғаныс министрлігінде, ҚР Республикалық гвардиясында, ҚР Қауіпсіздік Кеңесінде қызмет атқарды.

2001-2006 жылдары ҚР Республикалық гвардия қолбасшысының орынбасары, 2008-2010 жылдары Қарулы күштерінің тыл бастығы болып қызмет еткен. Ал 2010-2013 жылдары Қорғаныс министрінің орынбасары болды. 2014-2015 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары болып жұмыс істеген. 2015-2016 жылдары Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.

2016 жылғы қазаннан бастап 2019 жылғы сәуірге дейін ҚР қорғаныс министрінің орынбасары болып еңбек етті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети