28 наурыз 2022 14:05

Танымал қазақстандық фотограф қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: instagram.com/beisenbek_daulet Фото: instagram.com/beisenbek_daulet

Қазақстандық танымал фотограф әрі блогер Дәулет Бейсенбек жол апатынан қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық танымал фотограф әрі блогер Дәулет Бейсенбек жол апатынан қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл ақпаратты оның досы Әділет растады. 

"Бүгін жаназасы болды. Ол небәрі 28 жаста еді. Артында екі баласы қалды. Оның үстіне, үшіншісін күтіп жүрген. Бәрінен де келіншегіне ауыр болды", - дейді ол.

Әділеттің сөзінше, Дәулет Бейсенбек мінген көлік Тараз-Алматы тасжолында апатқа ұшыраған.

"Ол Таразға тапсырыс алып, той түсіру үшін барған еді. Қайтарында таксиге отырған. Ол отырған көліктің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, жол бетінен ұшып кеткен. Кеше түнде бізге осы суыт хабар жетті. Әлі өз-өзімізге келе алмай отырмыз", - дейді ол.

Әділет Instagram-парақшасында қайтыс болған досын еске алып, видео салды. Онда Дәулеттің Алматыдан Таразға қоныс аударған сәті көрсетілген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ?????? ??? ?????? ? (@adilet_art)

Сонымен қатар, Желіде Дәулет Бейсенбектің өзге де әріптестері оның туыстары мен жақындарына көңіл айтып жатыр. 

"Әлі де сене алар емеспін. Жаратқан мейіріміне алсын. Жаның бөлек еді. Ағайын, жақын адамдарымызды бағалап жүрейікші", - деп жазады блогер Әлішер Қонысбаев. 

"Өте жақсы жігіт еді. Жүрегім қатты ауырып тұр. Басқа айтар сөзім жоқ. Жолда абай болыңыздаршы, бауырлар. Ұйқыларыңыз келсе, рөлге отырмауларыңызды сұраймын", - деп жазды әнші Серік Ибрагимов. 

Дәулет Бейсенбектің әлеуметтік желіде 750 мыңнан аса оқырманы бар. Мамандығы - фотограф. Ол кейінгі жылдары әлеуметтік видеолар түсіріп жүрген еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети