17 ақпан 2021 18:17

Тараз әкімі мен Қарағанды әкімінің міндетін атқарушы әкімшілік жауапқа тартылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Айтқазы Қарабалаев, Сәбит Оспанов. Фото: gov.kz Айтқазы Қарабалаев, Сәбит Оспанов. Фото: gov.kz

Тараз әкімі мен Қарағанды әкімінің міндетін атқарушы әкімшілік жауапқа тартылды. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде өткен брифингте ведомствоның баспасөз хатшысы Ерхан Тәткен мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Тараз әкімі мен Қарағанды әкімінің міндетін атқарушы әкімшілік жауапқа тартылды. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде өткен брифингте ведомствоның баспасөз хатшысы Ерхан Тәткен мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тараз басшысы Айтқазы Қарабалаев пен 2020 жылдың желтоқсанында Қарағанды әкімінің міндетін атқарған Сәбит Оспанов әкімшілік жауапқа тартылды. Қарағанды әкімі Ермағанбет Бөлекпаев бұл кезеңде жұмыста болмағаны атап өтілді. Шенеуніктер мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тартқаны үшін жазаланды.

Тараз әкімімен бірге оның қол астындағылар да жауапқа тартылды.

"Мысалы, Р.Исмазовтың 11.06.2020 жылғы өтініші негізінде агенттіктің Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаменті Тараз қаласы әкімінің аппаратында жоспардан тыс тексеру жүргізді.

Жүргізілген жұмыс нәтижесінде Тараз әкімі А. Қарабалаевқа мемлекеттік қызмет көрсетуден (рұқсат құжатын беру) негізсіз бас тартқаны үшін, Тараз жер қатынастары бөлімінің басшысы Б. Башанов пен қаланың сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы А. Бөбеевке мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, жалпы сомасы 152 790 теңге айыппұл салынды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, 2020 жылы мемлекеттік қызметтерді сапасыз көрсеткені үшін жазаланғандар хабарланды:

  • Алты аудан және қала әкімі (Алматы облысы-Үштөбе, Талғар, Жаркент қалалары;
  • Атырау облысы-Құлсары қаласы; ШҚО-Алтай, Тарбағатай аудандары);
  • 29 ауылдық округ әкімі;
  • 17 облыстық басқарма басшылары (жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, қалалық жоспарлау және урбандалу, мәдениет, денсаулық сақтау, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу, сәулет және қала құрылысы, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы, жер қатынастары басқармасы);
  • 47 жер қатынастары бөлім басшысы;
  • Сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің 34 басшысы;
  • Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің төрт басшысы;
  • Аудан әкімдіктерінің 12 лауазымды тұлғасы.

Мемлекет бюджетіне айыппұл түрінде 10,5 миллион теңге кіріс өндірілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети