Тараз маңындағы жарылыста әскери прокурор қаза тапты

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тараз маңындағы жарылыста әскери прокурор қаза тапты Арман Қапезов. Фото:facebook.com/abroi.azamatov

Бас көлік прокуратурасының баспасөз хатшысы Абырой Халықұлы Тараз маңындағы жарылыс кезінде қаза тапқандардың бірі туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бас көлік прокуратурасының баспасөз хатшысы Абырой Халықұлы Тараз маңындағы жарылыс кезінде қаза тапқандардың бірі туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгін таңертең әріптесіміз Оңтүстік аймағының әскери прокуроры Қапезов Арман Қуанышұлы қаза болғаны туралы қайғылы хабар келді.

Жамбыл облысындағы әскери бөлімде болған өрт туралы хабарды алған ол оқиғалардың эпицентріне алғашқылардың бірі болып жетті, онда адам өлімінің алдын алуға көмектесуге тырысты. Ол өз ісімен бізге нағыз прокурордың, антқа адал, офицердің үлгісін көрсетті, ол Отан алдындағы борышын орындады", - деп жазды ол Facebook әлеуметтік желісінде.

Халықұлының айтуынша, бүгін полковник Қапезовтің туған күні.

Оны жақын танитын әріптестері оның туған жерін жан-тәнімен сүйетінін, адал және нағыз офицер екенін біледі.

"Ортамызда борышын өтеу үшін өз өмірін беруге дайын жолдастар барда, біз өз қызметімізді абыроймен жалғастырамыз. Мен қаза болғандардың отбасының қайғысына ортақпын. Қаза болған офицерлер, біз әрқайсыңызды есте ұстаймыз, балаларыңыз біздің қамқорлығымызда, енді олардың әкесі, жолдасы болу - әрқайсымыздың міндетіміз", - деді ол.

Айта кетейік, Жамбыл облысындағы жарылыстардан қаза тапқандар саны 5-ке жеткені хабарланған болатын. Бұған дейін Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімдегі жарылыстардан қаза тапқан төрт әскери қызметкер туралы толық ақпарат жарияланған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети