Тараз маңындағы жарылыстан кейін таксистер жолға 35 мың теңге сұраған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тараз маңындағы жарылыстан кейін таксистер жолға 35 мың теңге сұраған © instagram/taraznews.kz

Тараз маңындағы жарылыстар кезінде қорқып, үйінен қауіпсіз жерге кетуге тырысқан жолаушылардан кейбір такси жүргізушісі қомақты ақша сұраған. Бұл туралы "Евразия бірінші арнасының" сюжетінде айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тараз маңындағы жарылыстар кезінде қорқып, үйінен қауіпсіз жерге кетуге тырысқан жолаушылардан кейбір такси жүргізушісі қомақты ақша сұраған. Бұл туралы "Евразия бірінші арнасының" сюжетінде айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сол кезде жолдарда ұзын-сонар кептеліс болған. Зейнеткер Зализа Жураева сол кешті қорқынышпен еске алады. Жарылыстан үйдің терезелері сынған. Бәрінен қатты балалар қорыққан. Отбасы бірден кетуге шешім шығарған.

"Біз қаша бастадық. Жарылыстар болды, біз өрттен 12 шақырым қашықта тұрсақ та, барлық терезе сынды. Такси жүргізушілеріне барымызды бердік. Ақша қалмады. Бүгін қайтқымыз келеді, бірақ қалай қайтарымызды білмейміз. Зейнетақы да әлі түспеді", - дейді Байзақ ауылының тұрғыны.

"Дүрбелең болды. Бағаны әркім өз бетінше қойды. Бағаны көтерді, халық ашуланып жатты. Таңертең келген, машина - 30 000, 35 000 теңге дейді. Біз 10 мыңға жүреміз. Бұл біз үшін ұят", - дейді жүргізуші Нұрбек Бексұлтанов.

Алайда жанашыр адамдар көбірек болған. Олар тұрғындарды тегін апарып тастады. Кейбірі бұл үшін басқа қалалардан да келген. Олар түні бойы аурухана алдында кезекшілік етіп, өздеріне бейтаныс адамдарға көмектесуге тырысқан.

Еске салайық, Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19.00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шыққан. Өрт салдарынан анықталмаған заттар жарылған. Жақын маңдағы тұрғындар эвакуацияланғаны анықталды.

Кейін әскери қоймаларда не сақталғаны белгілі болды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та Жамбыл облысында жарылған әскери қоймаларға қатысты пікір білдірген. Ол жарылыс кезінде кімдер жарақат алғанын, сондай-ақ қылмыстық іс қозғалғанын айтты. Ол Тараз тұрғындарын сабырға шақырды.

Жарылыстан жалпы саны 12 адам қаза тауып, 98 адам жарақат алған. Жоғалғандарды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Алматыда қоймадан өрт шықты
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети