Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Тараздағы "есектің басы" туралы ақпарат жалған болып шықты - әкімдік

03 Сәуір 2015, 16:48
0
© Іnstagram желісіндегі видеодан алынған стоп кадр
© Іnstagram желісіндегі видеодан алынған стоп кадр

Жамбыл облысының әкімдігіндегілер Тараздағы жекеменшік балабақшаға әкелінген есектің еті туралы ақпаратқа қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Видеоны тоқтатып "есектің басы" деген жерін үлкейтіп және тігінен аударып қарайтын болсақ, оның өгіздің басы екені анық көрінеді. Осылайша, видеодағыны жалған деуге толық негіз бар. (...) есектің басына ұқсайды. Автордың өзі видеодағы өгіздің басын қателесіп есектікі деп, асығыс тұжырым жасаған сияқты", - деді Жамбыл облыстық әкімдігі баспасөз қызметінің басшысы Саят Жөкен.

Еске сала кетейік, 2 сәуірде әлеуметтік желілерде Тараздағы жекеменшік балабақшалардың біріне малдың тұтас етін әкеліп, қалай бөлгені туралы видео пайда болды. Пікір қалдырғандар оның есектің еті екенін және бұл оқиғаның "Анета" жекеменшік балабақшасында болып жатқанын жазған. Тараздың прокуроры Бағлан Телеу балабақшада тексеріс жұмыстары басталғанын мәлімдеді.

Өз кезегінде балабақшаның директоры Валентина Исабаева видеоның монтаждалғанын және балабақшаға сиыр етінің әкелінгенін растайтын барлық анықтаманың бар екенін мәлімдеді.

Сонымен қатар, жануар етінің балабақша аумағында антисанитариялық жағдайда бөлініп жатқанына Қазнеттің қолданушылары наразылықтарын білдірді. Алайда әкімшіліктер бұл сұраққа түсініктеме беруге құзыреттерінің жоқ екенін хабарлады.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай