“Тәрбие мен үлкенге құрметтен жұрдай“: Павлодарда жасөспірімдер ер адамға шабуыл жасаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Тәрбие мен үлкенге құрметтен жұрдай“: Павлодарда жасөспірімдер ер адамға шабуыл жасаған Бейнежазбадан кадр

Павлодарда жасөспірімдер қатарластарын соққыға жығып, содан кейін жанжалды тоқтатпақ болған ер адамға шабуыл жасады. Оқиға бейнежазбаға түсіп қалған. Полицейлер қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Павлодарда жасөспірімдер қатарластарын соққыға жығып, содан кейін жанжалды тоқтатпақ болған ер адамға шабуыл жасады. Оқиға бейнежазбаға түсіп қалған. Полицейлер қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Видео

Оқиғаның кадрлары әлеуметтік желіде тарады.

Видеода үйлердің бірінің ауласында жасөспірімдердің алдымен өзара төбелесіп, кейін араша түскен ер адамға сес көрсетіп жатқанын көруге болады.

"Ол бір топ баланың қатарласын аяусыз ұрып жатқанын көрген. 15-16 жастағы балалар. Жай ғана араша түсіп, зардап шегушіге көмектеспек болған. Жасөспірімдер бірден оған ауысып, қоршап алып, қорқытып, тебе бастаған. Сол топтағылар. Тал түсте бұл не деген сұмдық?! Неге жасөспірімдер соншалықты ашынған? Тәрбие мен үлкенге құрметтен жұрдай", - деп жазды ер адамның жұбайы Instagram парақшасында.

Әйел оқиғаның видеосын Instagram-да жариялады. Сондай-ақ ол күйеуінің, бақытқа орай, зардап шекпегенін атап өтті.

Назар аударыңыз: видеода бейәдеп сөздер бар

Полиция не дейді?

Өңірлік Полиция департаменті бізге пікір берді. Ведомстводағылар оқиғаны бұзақылық деп танып, қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

"Барлық қатысушы кәмелетке толмағандар, олар анықталып, заңды өкілдерімен бірге полиция бөліміне жеткізілді", - деп хабарлады Павлодар облысының Полиция департаменті.

Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Сонымен қатар тергеудің объективтілігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданып жатыр.

"Қылмыстық іс аясында ата-аналардың баланы тәрбиелеудегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершік қарастырылады", - деп түсіндірді ведомствоның баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, өңірлік білім беру басқармасы жанжалға қатысқан жасөспірімдерге мектеп немесе колледж тарапынан шаралар қолданыла ма деген сұраққа, қылмыстық тергеу аясында ақпарат жария етілмейтінін мәлімдеді.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 469.35   553.13   6.15 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер