22 шілде 2021 13:41

Тасжол бойында жатқан тонна жарылғыш зат ШҚО тұрғындарының үрейін қашырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Шығыс Қазақстан облысында белгісіз біреулер тасжолдың маңына бірнеше тонна жарылғыш зат қалдырып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Шығыс Қазақстан облысында белгісіз біреулер тасжолдың маңына бірнеше тонна жарылғыш зат қалдырып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде қараусыз жатқан ондаған қорап пен сөмке түсірілген видео жарияланды. Кадрларды түсірген ер адамның айтуынша, ішінде қауіпті заттар бар және олар Жаңғызтөбе ауылынан 30 шақырым жерде жатыр. 

Сондай-ақ, ер адам Жаңғызтөбе - Аягөз тасжолының учаскесінде жөндеу жұмыстары жүріп жатқанын хабарлайды.

Кейін полиция жағдайға түсінік берді. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, видео ШҚО Жарма ауданында түсірілген.

"Автожолдың бойында заттар болған. Олар жол құрылысы кезіндегі жарылыс жұмыстарына арналған. Бұл дерекке полиция дереу әрекет етті. Бұл заттарды жарылыс жұмыстарын жүргізетін лицензияланған компания өкілдері әкелгені анықталды", - деді аймақтық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Полиция аталған заттарды қарау үшін қосымша қарауыл жіберді. Айналаға қауіп жоқ.

"Оқиға орнына ШҚО ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінің қызметкерлері шақырылды. Олар аталған компанияның қауіпсіздік шараларын сақтауына баға береді", - деді ведомство өкілдері. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети