02 шілде 2016 17:53

Тасмағамбетов "Гвардейск" полигонында көшпелі кеңес өткізді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі © ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Бүгін қорғаныс ведомствосының басшысы Иманғали Тасмағамбетов "Гвардейск" оқу-жаттығу полигонында Армия ойындарына дайындық барысын тексерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Бүгін қорғаныс ведомствосының басшысы Иманғали Тасмағамбетов "Гвардейск" оқу-жаттығу полигонында Армия ойындарына дайындық барысын тексерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қорғаныс министрі артиллерияшылардың байқауын өткізу үшін "ирелең" кедергілері, мина-жарылғыш қоршауы, қорғаны, табанды көпірі бар ұзындығы 2 шақырым тас жолдың, сондай-ақ, барлаушының соқпақ жолы мен мерген винтовкасынан, тапаншадан оқ ату және гранаталар лақтыру үшін шептердің элементтері бар мергендер байқауын өткізу үшін тас жолдың құрылысы барысын қадағалады. 

Алдын ала барлау барысында әскери ведомствоның басшылығы ұйымдастыру комитетіне байқауларды өткізу тәртібі жөнінде ұсынымдар берді. Кеңеске қатысушылар әскери техниканың сақталуы мен қызмет көрсетілуі орындарымен, сондай-ақ, командалардың тұруы және тамақтануы орындарымен танысты. Одан басқа, байқаулардың бағдары, кедергілерді бұзып өту тәртібі мен материалдық-техникалық мүлік тәртібі бекітілді.

Байқауды өткізу үшін әрбір командаға оптикалық көздеуіші және «Аселсан» түнгі көздеуіші бар мерген винтовкалары беріледі.

Бір айдан кейін Қазақстанда алғаш рет Армия халықаралық ойындары басталатынын айта кетейік. Елдердің қатысушылары сияқты АрМИ-2016 ойындарын  өткізу жағрафиясы да бірегей әрі ауқымды.

Бүгінгі таңда 13 елдің әскери қызметшілері Ангола, Армения, Беларусь, Венесуэла, Зимбабве, Үндістан, Иран, Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Қытай, Монғолия, Ресей және ОАР "Артиллериялық оқ ату шеберлері" және "Мерген шебі" байқауына қатысатындарын растады. Сонымен қатар, 8 мемлекет бақылаушыларды жіберуге әзір. Олар: Аустрия, Алжир, Германия, Израиль, Куба, Намибия, Мьянма Одағы, Сауд Арабиясы.

АрМИ-2016 ойындарының ашылу рәсімі 2 тамызда «Гвардейск» оқу-жаттығу полигонында өтеді. Салтанатты жабылу рәсімі 9 тамызда өткізіледі.

Былтырғы жылы "АрМИ-2015" Армия халықаралық ойындары алғаш рет өткізілгенін естеріңізге сала кетейік. Оған әлемнің 17 елі қатысып, біздің команда 3 аталымда ұсынылды.  Ал осы жылы әскери қызметшілеріміз 21 байқауға қатысуға дайын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети