Тасмағамбетовтің қызы Алматыда 1,7 миллиард теңге шығарып, зәулім мектеп салды

03 Қыркүйек 2017, 12:14
5
Тасмағамбетовтің қызы Алматыда 1,7 миллиард теңге шығарып, зәулім мектеп салды -

Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетовтің қызы Асель Тасмағамбетова өз қаражатына Алматы қаласының құрамына кіретін Ақжар ауылында мектеп салды. Бұл туралы белгілі кәсіпкер Бейбіт Әлібеков Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады. 

"Осындай тамаша әрі жарқын мерекеде менің құрбым Асель және оның "Сәби" қоры арманын орындады - Наурызбай ауданындағы Ақжар ауылында 1200 бала енді жаңа мектепте оқиды. Мемлекеттен бір тиын алмай, ол 1200 балаға арналған мектеп-гимназиясын салды. Ол 10 блоктан тұрады, аумағы - 11 625 шаршы метр. Асель мен оның достары мектепті ауыл тұрғындарына сыйлады және әкімдік балансына берді. Асель кез келген процеске араласып, біздің балалар үшін шын мәнінде заманауи мектеп салып шықты. Осындай адамдар көбірек болса, бізге 100 мектеп және аурухана бағдарламасы керек те болмай қалады. Барлығы тапқан табысын өзімен бірге алып кетпесін біледі, сол себепті де қолдан келгенін істеп жатыр. Осы мысал барлығына ынта берері сөзсіз", - деді Әлібеков 

Мектеп салу туралы тағы бір қазақстандық кәсіпкер Қайрат Құдайберген де айтып қалды. "Кәсіпкерлердің оқушыларға 1 миллиард 725 миллион теңгеге сыйлығы. Бүгін Кеңес Рақышев пен Асель Тасмағамбетова ("Сәби" қоры) Ақжар ауылына мектеп сыйға тартты! 1 725 000 000 теңге, 11,625 шаршы метр, 10 блок, 1200 орын - Ақжардағы жаңа мектеп жайлы есеп осы. Кеңес пен Асель бұл жобаға инвестиция құйып қана қоймай, жобаның іске асуына және кез келген детальға мән беріп, мектептің сапалы болуына өз үлесін қосты. Сондықтан да бұл мектеп ашық, өте тиімді, инновациялық және ойластырылып істелген нысан болды. Мектеп ішінде ең мықты сыныптар, ең үздік асхана, спорт залы (кейбір фитнес залдары бұл мектептің спорт залдарына қызығушылықпен қарайды), керек десеңіз "Aqua Point" инновациялық құрылғысы орнатылған, оқушылар мен мұғалімдер үшін тазартылған су да бар. Қор тек білім ордасын салып беріп қана қоймай, жас кәсіпкерлерді қолдады. Мен осы Ақжардағы 174 мектеп-гимназиясының еліміздегі ең сапалы, безендірілуі және білім сапасы ең жоғары мектептердің біріне айналатынына сенімім мол. Дәл осындай мысалдар мен бастамалар кәсіптің әлеуметтік жауапкершіліктің флагманы болуы тиіс. Рақмет сіздерге, Кеңес пен Асель! Сіздер еліміздің нағыз патриотысыздар!", - деп жазды ол Instagram парақшасында.  


© instagram.com/alibekovkz

Асель Тасмағамбетова - премьер-министрдің бұрынғы орынбасары Иманғали Тасмағамбетовтің үлкен қызы. 1979 жылы дүниеге келген. Белгілі кәсіпкер Кеңес Рақышевтің жары. "Сәби" (жетім балаларға, денсаулығында айтарлықтай кемістігі бар сәбилерге, сондай-мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көмек беретін ұйым). Жекеменшік қайырымдылық қорын басқарады.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (5)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай