21 тамыз 2015 19:56

Тауар бағасын негізсіз көтерген кәсіпкерлерге айыппұл салынады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Бағаны негізсіз көтерген кәсіакерлерге айыппұл салынады немесе заңсыз кіріс тапқаны үшін тергеуге алынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі  ҚР Ұлттық экономика министрлігіне сілтеме жасап. Ведомство "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірге үндеу жариялады.


Бағаны негізсіз көтерген кәсіакерлерге айыппұл салынады немесе заңсыз кіріс тапқаны үшін тергеуге алынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі  ҚР Ұлттық экономика министрлігіне сілтеме жасап. Ведомство "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірге үндеу жариялады.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі өкілдері азық-түлік тауарлары, жоғары тұтынушылық сұранысқа ие автомобильдер, ұйымдастырушылық техника, тұрмыстық химия заттары, сондай-ақ мультипликативтік әсері бар азық-түлікке жатпайтын тауарлардың (мұнай өнімдері, тауарлық және сұйытылған газ, көмір, мазут және) бағасы өсуі мүмкін екендігін хабарлады. Мұндай жағдай болса, монополияға қарсы орган монополияға қарсы заңнаманың бұзылу белгілері бойынша тергеулерді бастауға құқылы. Бұған монополиялық жоғары бағаны белгілеу, өндiру немесе өнім беру мүмкiндiгi болған кезде сұранысқа ие тауарларды өндiру және өткізу бойынша негізсіз шектеулер енгізу, тауарды өнім айналымнан алып қою арқылы нарықта жасанды тапшылық жасау әрекеттері әкелуі мүмкін.

Сонымен қатар, ведомство тауарларды сатып алу, өткізу  бағаларын немесе басқа шарттарын белгiлеу және (немесе) қолдау, тауарларды өндіру мен өткізуді негізсіз шектеу ("Бәсекелестік туралы" ҚР Заңының 10, 11-баптары) бойынша нарық субъектілерінің келісімдері және (немесе) келісілген іс-әрекеттеріне тыйым салынатынын хабарлады. "Мұндай іс-әрекеттерді жасау барлық монополиялық табысты тәркілеп (ҚР ӘҚБтК-нің 159-бабы) 3 пайыздан 5 пайызға дейін айналым айыппұлдарын салуға әкеп соғады", - деп хабарлады ҚР Ұлттық экономика министрлігі.

Ведомство қылмыстық сатып алу немесе өзіндік құны бар болғаны 5 пайызға ұлғайған кезде тауарды өткізу бағасының 20 пайызға негізсіз өсуі қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін мәлімдеді. Айта кетейік, монополияға қарсы органның қызметкерлері әкімдіктер жанынан құрылған бағаларды бақылау бойынша жедел штабтардың құрамына кірді, олар енді бағалардың негізсіз өспеуін бақылайтын болады. "Бағалардың күрт өсу деректері бойынша аумақтық департаменттердің жергілікті ақпарат құралдарында жарияланатын сенім телефондары бойынша, сондай-ақ монополияға қарсы органға және оның облыстық департаменттеріне ресми өтініштермен жүгінуге болатынын азаматтарға хабарлаймыз", - деп хабарлады ведомство.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети