22 сәуір 2020 18:55

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне жаңа төраға тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тимур  Сұлтанғазиев. Фото: primeminister.kz Тимур Сұлтанғазиев. Фото: primeminister.kz

Тимур Сұлтанғазиев ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі үкімет сайтына сілтеме жасап.


Тимур Сұлтанғазиев ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі үкімет сайтына сілтеме жасап.

"ҚР Үкіметінің қаулысымен Тимур Сламжанұлы Сұлтанғазиев ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.

Тимур Сұлтанғазиев 1982 жылы Алматы облысында туған. Қазақ ұлттық медицина университетін, АҚШ-тағы Тюлэйн университетін бітірген.

Еңбек жолын 2006 жылы Астана қаласындағы №1 қалыпты анатомия кафедрасының лаборанты болып бастаған.

2010 жылы "Республикалық жедел медициналық жәрдем ғылыми орталығы" АҚ-да жұмыс істеді.

2010-2013 жылдар аралығында - "Ұлттық медициналық холдинг" АҚ-да менеджер, бас менеджер, инновация және технология трансферті департаментінің директоры.

2013-2014 жылдар аралығында "Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы" АҚ президенті болды.

2014 жылдан 2016 жылға дейін "Медикер" ЖШС Бас директорының орынбасары қызметін атқарды.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің құрылымында әр түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып келген.

Бұл қызметте болған Людмила Бюрабекованың ҚР денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалғаны хабарланған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети