14 қазан 2016 15:16

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған концерттер Жамбыл атындағы филармонияда өтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© AlmatyLife © AlmatyLife

Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мерекелік концерттер Жамбыл атындағы филармонияның басты және камералық сахналарында өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мерекелік концерттер Жамбыл атындағы филармонияның басты және камералық сахналарында өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

20 қазанда камералық зал сахнасында ҚР еңбек сіңірген қайраткері Нұркен Әшіров және халықаралық конкурс лауреаттары - Біржан Базылжанов, Мақпал Тоқтағанованың қатысуымен концерт өтеді. Бағдарлама бойынша дәстүрлі қазақ музыкасы ойналады. Келесі күні, 21 қазанда филармонияның басты сахнасында Тілендиев атындағы "Отырар сазы" фольклорлы-этнографиялық оркестрі өнер көрсетеді. Көкемдік жетекшісі Динара Тілендиева.

Скрипка әуенін ұнататындар үшін 21 қазанда камералық зал сахнасында Әмір Бейсенғалиев (скрипка) және Ерлан Мансұровтың (фортепиано) орындауында Иоганнес Брамс-Скерцо мен Эдвард Григтің шығармалары шырқалады.

Сонымен қатар, ҚР еңбек сіңірген әртісі Ғабит Несіпбаев және халықаралық конкурстар лауреаты Әділ Несіпбаев 23 қазан күні органикалық музыка концертін өткізеді. Концерт кезінде Бах отбасының шығармалары орындалады. Ал 26 қазанда классикалық музыка тыңдармандары Байқадамов атындағы мемлекеттік хор каппелласының концертін тамашалай алады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети