Техникалық байқаудан өту мерзімі өзгерді

30 Қаңтар 2014, 13:44
0
Техникалық байқаудан өту мерзімі өзгерді - ©Тengrinews.kz
©Тengrinews.kz
Елімізде көлікті техникалық байқаудан өткізу уақыты өзгертілді деп жазады "Казахстанская правда".

Үкіметтің қаулысына сәйкес, енді жол қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі орталық атқарушы органға тіркелген механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелері міндетті техникалық байқаудан төменде көрсетілген мерзім бойынша өткізіледі:

1) әр 12 ай сайын - шығарылғанына 7 жыл және одан көп болған көліктер;

2) әр 24 ай сайын - шығарылған уақыты 3-тен 7 жылға дейінгі;

3) 36 ай сайын - шығарылғанына 3 жылға дейінгі уақыт болған көліктер.

Автобустар, шағын автобустар, таксилер мен жолаушылар тасуға лайықталып жабдықталған жүк көліктері техникалық байқаудан шығарылған уақытына тәуелсіз түрде әр алты ай сайын өткізілуі керек. Қауіпті жүктерді тасуға арналған көліктерге де сондай шарт қойылады.

Жүк көліктері мен олардың тіркемелері шығарылған мерзімі мен меншік түріне тәуелсіз түрде әр 12 ай сайын тексерілуі тиіс. Бұған дейін шығарылған мерзімі төрт жылдан аспаған жаңа автокөліктерді міндетті техбайқаудан босату көзделіп отырғаны хабарланған еді. Енді техникалық тексеруден өткізудің уақыты алғашқы техбайқаудан ары қарай жаңа енгізілген мерзімділік бойынша есептеледі.

"Көлік құралдарын стационарлық желіден міндетті техникалық байқаудан өткізу жөніндегі ақпарат күн сайын онлайн-режимде техбайқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесіне беріліп отырады", - делінген қаулыда. Сондай-ақ құжатта тексерудің мобильді желісі бойынша ақпарат бірыңғай ақпараттық жүйеге екі күнтізбелік күнде бір рет беріліп отыратыны көрсетілген.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда бірыңғай ақпараттық жүйенің көмегімен 37 мың автокөліктің тексерілгені жария етілген болатын.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай