Технологиялық жетістіктер мен әскери қақтығыстар кезеңінде Ата заңымыздың маңызы еселене түседі - Тоқаев

Нұрила Достарқызы
Нұрила Достарқызы Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Технологиялық жетістіктер мен әскери қақтығыстар кезеңінде Ата заңымыздың маңызы еселене түседі - Тоқаев

Мемлекет басшысы Мемлекеттік ту көтеру рәсімінде сөз сөйлеп, Ата заң халқымызды әлемдік өркениеттің жаңа белестеріне бастайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы Мемлекеттік ту көтеру рәсімінде сөз сөйлеп, Ата заң халқымызды әлемдік өркениеттің жаңа белестеріне бастайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Жалпыхалықтық референдумда қабылданған Конституция – Қазақстанның алдағы ондаған жылдарға арналған басты заңы. Дәл осы Ата заң халқымызды әлемдік өркениеттің жаңа белестеріне бастайды.

Технологиялық жетістіктер, саяси дүрбелеңдер, әскери қақтығыстар белең алып жатқан қазіргі дәуірде Негізгі заңымыздың жол нұсқаушы темірқазық ретіндегі маңызы еселене түседі.

Еліміздің бас құжаты – Конституция 1 шілдеден бастап күшіне енеді. Тамыз айында бір палаталы Құрылтай сайлауы өтеді, ал қыркүйекте Қазақстан Халық Кеңесі құрылады.

Осылайша, біз ауқымды өзгерістер кезеңіне аяқ басамыз. Қазірдің өзінде халқымыздың болмысы, құндылықтары, сана-сезімі, тіпті, дүниетанымы өзгеріп жатыр. Азаматтарымыздың басым көпшілігі заңға құрметпен қарау, қоғамдық тәртіпті нығайту стратегиясын қолдайды, сондай-ақ "Таза Қазақстан" акциясына белсене қатысады", - деді Президент.

Еске салайық, бұған дейін Президент мемлекетіміздің үштағанын атаған болатын. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қазақстан дамудың даңғыл жолына түскенін мәлімдеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 485.34   567.94   6.67 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +30
Астана +28
Ақтау +21
Ақтөбе +17
Атырау +25
Б
Балқаш +27
Ж
Жезқазған +27
Қ
Қарағанды +27
К
Көкшетау +22
Қ
Қостанай +30
Қызылорда +31
П
Павлодар +26
Петропавл +31
С
Семей +31
Т
Талдықорған +27
Тараз +31
Түркістан +23
О
Орал +30
Ө
Өскемен +29
Ш
Шымкент +27

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер